Топырағы. Тропиктік және субтропиктік белдеуде жатқандықтан құрлықтың көпшілік жерінің топырағы құнарсыз және құмдауыт болып келеді. Құрлықтың батыс бөлігіндегі қиыршық тасты және құмды топырақтарын сирек өсімдіктер жауып жатыр. Орталық бөлігінің ойпатты жазықтарында құмдақ және саздақ топырақ басым. Орталық алап көлдерінің төңірегінде тұзды топырақтар кездеседі. Батысы, солтүстігіне және шығысы — даланың қызыл құба, қызыл топырағына ауысады. Үлкен суайрық жотасында (28° оңт. ендіктен солтүстікке қарай) таудың латерит топырағы, тау аңғарларында тропикалық қара топырақ, субтропикалық белдеудің тау беткейлерінде таудың қызыл, сары, орманның құба топырағы, А. Альпісінің жоталарында шалғынды топырақ басым