АҒА СҰЛТАН

АҒА СҰЛТАН — хандық ин- тты жойғаннан кейін Ресей үкіметінің қазақ даласын отарлауды одан әрі тереңдету мақсатымен құрған әкімш.-терр. округті басқарушының лауазымы. Алғашында хан-төрелердің тұқымы сайланған. Кейіннен хан тұқымдарының ықпалын әлсірету үшін “Аға сұлтандарды сайлау хақындағы” жаңа ережелер жасалып, айрықша қабілетімен танылған “қараларды” да сайлауға рұқсат берілді. Ресей үкіметінің “Сібір қазақтары туралы жарғысында” (1822) мынадай әкімш. бөліктер белгіленді. 50-70 үй — бір әкімш. ауыл, 1012 ауыл — бір болыс, 15- 20 болыс — бір округ. А. с-ды болыс басқарушылары үш жылға сайлады. Алғашқы ашылған (1824) Қарқаралы округінің (бұрынғы Бөкейхан иелігі) аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысұлы, Көкшетау округінің (бұрынғы Уәлихан иелігі) аға сұлтаны Ғұбайдолла (Абайділда) Уәлиханұлы болды. Шыңғыс Уәлиханұлы (Құсмұрын), Тезек төре (Ұлы жүз), Ерден Сандыбаев (Атбасар), Бексұлтан Ағадаев (Аягөз), Әділ Бөкейханұлы (Кіші жүз), Шалғынбай Бірәліұлы (Қарқаралы), Мұса Шорманұлы (Баянауыл), т.б. белгілі А. с-дар шықты.

А. с-ның басты міндеттері: Ресей билігін жүзеге асыру, алым- салық жинату, сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, “бүлікшілерді” басу, т.б. Үш жылдан кейін ақсүйек А, с-ға Ресей армиясының майоры шені және дворяндық атақ берілді. Қарадан шықкандары кіші офицерлік хорунжий шенімен шектелді (мыс., Құнанбай Өскенбайұлы). А. с- ның жылдық жалақысы 380 сом мөлшерінде белгіленді. Оларды халық дәстүрімен ақ киізге отырғызып көтерді. Бұл рәсім елдің әдетте арқа басы кеңіген, шаруасы түзелген та- мыз айында жүзеге асырылды. Өздеріне қолайлы үміткерді өткізу үшін А. с. сайлауына орыс әкімшілігі ықпал жасап отырды. Отаршылдық билікті одан әрі күшейту мақсатын дағы Николай I патшаның жаңа реформасына (19.5.1854) сай округ тарап, А. с. лауазымы жойылды. А. с-дар ұрпақтары 1867 — 68 ж. реформа бойынша біршама жеңілдіктерге ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *