АДУЫНДЫҚ — адам мінезіне тән сипат, оның өзгелерге жеткізбек болған ой-пікірі, іс-әрекеті мен қарым-қатынасында өктемдік байқалатын қасиеті. Адам мінезіндегі мұндай ерекшелікті халық азулылық деп те атайды. А-тың екі жағы бар. А. бір жағынан — істің мән-жайын білмей жатып байбалам салушылық, үстемдік пен өркөкіректікті білдіретін жағымсыз әрекет деп бағаланады. Екінші жағынан — адамның ойы мен сөзі жүйелі келіп, іс-әрекеттің ақиқаттығын білдіретін болса, сөйлеушінің айтқандарын тыңдаушы дұрыс қабылдап, әсерленеді. Пікірі мен сөзіне иланып, сөйлеушінің батылдығын сыйлап құрметтейді. Оның ісі мен әрекетіне қолдау көрсетеді. Мұндай А. батылдық әрекет деп саналады.