АДЕЛИ ЖЕРІ — Антарктида құрлығының шығыс бөлігіндегі мүйіс. Солтүстік жағалауларын Дюрвиль т-нің суы шайып жатыр. Мұзының қалыңдығы 2000 м, жағалауға жақын жерлерін мұз баспаған. А. ж-н 1840 ж. Франция экспедициясын бастаған Ж.Дюмон-Дюрвиль ашқан. Мүйістің атауы оның әйелінің атымен аталған.