“АДАМ ЖӘНЕ БИОСФЕРА” (ағылш. “Тһе Man and the Biosphere”, МАВ) — 1978 ж. ЮНЕСКО-ньщ 16-Бас сессиясының конференциясында қабылданған халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламасы. Бұл бағдарламаға 100-ден аса мемлекет қолдау көрсетеді. Негізгі мақсаты – жер шарындағы барлық құрлықтарда адам баласының биосфераға әсерін, ықпалын, табиғаттағы күрделі өзгерістердің адам денсаулығына тигізетін зиянын зерттеу, бақылау және оған дұрыс баға беру. Сондай- ақ оған адамзаттың табиғатқа тигізетін сан қырлы іс-әрекеттері (жерді пайдалану, инж.- тех. жұмыстар, энергия көзде- рін пайдалану, т.б.) жер шарының биомдарына (орман, тундра, саванналар, дала, шөл-шөлейттер, т.б.) әсері және қоршаған ортаға ғыл.- тех. жетістіктердің тигізетін теріс ықпалы туралы сияқты мәселелерді зерттеу де енеді. Ірі жобалармен қатар 1000-нан астам “аймақтық, жергілікті” мәселелерді шешуді де (қ Биологиялық әртүрлілік конвенциясы) қамтиды. Оның ішінде ауа бассейнінің ластануына байланысты орман, тоғай эко- жүйелеріндегі өзгерістер, табиғаттағы ауытқулар, табиғи қорлардың (ресурстар) сарқы- луы, жер қорларының құнсыздануы (қ. Климаттың ғаламдық өзгеруі конвенциясы), шөлге айналу фактілері (қ. Шөлейттенуге қарсы күрес конвенциясы) және таулы өлкелердегі туризмнің дамуына байланысты туындап отырған мәселелер жан-жақты қарастырылған. “А. және б.” жобасында жер шарында ұлттық саябақтар мен биосфералық қорықтар ұйымдастыруға көп көңіл бөлінген. Қазақстанда “А. және б.” шеңберіндегі шараларды жүзеге асыруға ҚР Экология және табиғи ресурстар мин-лігі, Ғылым мин-лігі — ҒА-ның ғыл.-зерт. мекемелері, жоғары оқу орындары қатысады.