АДАЛДЫҚ-адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, арұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс- әрекеттер. Әрбір қоғамның А. жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да А. қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтыла- ды. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол”, — дейді Абай. А. адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда бол- майды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. А. жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.