АДАЙ

АДАЙ, сегіз арыс Адай — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Кіші жүздің байұлы тайпасынан таратылады. Ұраны — Бекет, таңбасы  жебе. Ғалымдар “Адай” этнонимінің түп-төркінін алыстан бастайды. Көне үнді жазбаларында жеңіс бермейтін жауынгер дай тайпасы және оның қолбасшысы Бәли патша туралы деректер бар. “Ригведа”, “Махабхарата”, “Рамаяна” жырларында арийлермен бір заманда өмір сүрген тасқа табынатын ад тайпасы туралы айтылады. Б.з.б. 15 ғ-да арийлер мен адтардың бір бөлігі солт-тен оңт-ке жылжып, Үндістан, Қытай, Алдыңғы Азиядан етіп, Африкадағы Ніл дариясына жеткен. Б.з.д. 10-9 ғ- да Иодай (Иедай) абыздың, Ескендір Зұлқарнайын заманында Иаддуй абыздың әулеттерінің аты кең жайылды. Қытайдағы Маньчжурияға өт- кен адтар уақыт өте қытайланып кетті. Монғолия деректерінде олар Жадай байауыт тайпасы болып хатталды. 1435 — 49 ж. Адай хан Монғолия билеушісі болды. 

Арабтар адтарды өздерінен де әрідегі көне жұрт деп білген. Мұхаммед пайғамбар дүниеге келмес бұрын 200 жыл шамасында арабтар арасында қосай руы болған. Ал тайпасы туралы киелі Құранда да жазылған. Құранда мың жасаған Лұқман Хакім осы адтардан шыққан делінеді (31-сүре). Адтар әулеті Иеменде де патшалық етті. Ежелгі грек тарихшысы Геродот (б.з.б. 484-425 ж.) әйгілі “Тарих” атты еңбегінде парсы патшасы Кир заманындағы сақтар арасында дай деген көшпелі тайпа болғанын айтады. Кир Оксус (Әмудария) өз-нің Каспий теңізіне құйылысында көшіп жүрген сол тайпамен шайқаста қаза табады (б.з.б. 530). Грек географы әрі тарихшысы Страбон (б.з.б. 64/63 ж.ш.-б.з. 23/24ж.ш.) Соғдианамен іргелес көшпелі сақ тайпаларының Гиркан (Каспий) т-нің бүкіл солт. мен шығысын алып жатқанын, сондағы сақтардың көбісі дай тайпасы екенін атап көрсетеді. Тарихшылар олардың аты оғыздардың “ада” (арал), “адай” (аралдар) деген сөзінен шыққан дей келіп, А-дың арғы тегі дайлардан басталуы мүмкін деп топшылайды. 

А. руын құрайтын басты екі ата: Құдайке, Келімберді. Құдайкеден — Тәзіке, Қосай, Келімбердіден — Құнанорыс, Ақпан, Балықшы, Бұзау, Тобыш, Мұңал. Қазақ шежіре- леріндегі сегіз арыс Адай осы. А-дың қара шаңырағының иесі Мұңал болып есептеледі. Адай баба кенже немересі Мұңалдың қолында қайтыс болыпты. Атасының батасын ал- ған осы ұрпақ сонау замандардан бері “Мұңал ошағын” сақтаушы саналады. “Мұңал ошағы” Қазығұрт тауының оңт-де осы кезге дейін сақтаулы деседі. Аты А-дың ұранына айналған әулие Бекет ата осы Мұңал тұқымынан. А. тайпасының ең көп тараған іргелі аталарының бірі  Қосай. Түркі қағанаты кезінде өмір сүрген Қосай есімі (Кошу) Күлтегін жазуында келтірілген. Түркі қағанатында адтар Елбөрі қыпшақтары деп аталды. Қырғыздың “Манасында” Ер Қосай  басты қаһарманның бірі. Орыстарда ол “Өлмейтін Кощей” есімімен белгілі болды. “Шайбанинамеде” (16 ғ.) А-дың құдайке мен келімберді руларының Қазақ хандығы құрамына кіргендігі жазылады. А. ұрпақтары тастан мазар салудың шебері. Олар шөлейт өңірде терең құдықтар (шыңыраулар) қазумен де аты шыққан. Маңғыстаудың оңт-ндегі шыңырау құдықтардың тереңдігі кейде 150-200 құлашқа дейін жетеді. Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия ауд-ның малшылары Өтебалы, Бейнеубай, Қонысбай құдықшылар өткен замандарда қазып, мұқият шегендеген шыңыраулардың игілігін күні бүгінге дейін көріп отыр. А-дан атақты адамдар көп шыққан. Олар: Абыл, Ақтан, Аралбай Қашаған, т.б. ақын- жыраулар, Әлиарыстан, Бәйім- бет, Тілеген билер, Сүйінқара, Шабай, Ер Қармыс, Балуанияз, Амантұрлы, Қожалақ, Тө- леп, Иса, Досан батырлар. А-лар сан рет патша жендеттеріне де, Кеңес өкіметінің де отарлау саясатына қарсы бой көтерді. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *