АГРОХИМИЯ, агрономиялықхимия-топырақ пен өсімдікте өтетін хим. про- цестер, өсімдік қорегінің құрамы, сондай-ақ өсімдіктің қоректенуі үшін тыңайтқыш қолдану туралы ғылым; егіншілікті химияландырудың ғыл. негізі. Диханшылықтың өркендеуіне байланысты пайда болды. 1761 ж. швед химигі И. Валериустің А. туралы ал- ғашқы ғылыми еңбегі жарық көрді. Бірақ сол кезеңдегі жалпы хим. ғылымының даму, деңгейіне байланысты А. ілгерілей алмады. А-ның негізін салушылардың бірі — француз ғалымы Ж. Буссенго (1836). Ол өсімдіктерге тікелей тәжірибе жасау арқылы табиғатта азот айналымы болатынын болжап білді. Бірақ бұл процестің ғыл. мәні ағылшын ғалымы Г. Гельригел (1886) және орыс ғалымы С.Н. Виноградский (1893) нитрофикаттану (түйнек бактерияларының ауадағы молек. күйіндегі азотты басқа организмдер сіңіре алатындай органик. қосылыстарға дейін айналдыруы) процесін ашқаннан кейін түсіндірілді. Кейін неміс ғалымы Ю.Либих (1840) топыраққа тыңайтқыш шашудың маңыздылығын дәлелдеді, ал Дж.Лооз (1843) Англияда дүние жүзіндегі ең алғаш суперфосфат шығаратын зауыт салды. Қазақстанда А. Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-ты құрылғаннан кейін (1934) қалыптасып, дами бастады. Оның негізін салушы ғалымдар И.И. Синягин мен К.И. Иманғазиев болды. Олар топырақ құрамындағы фосфордың органик., минералдық қосылыстарын анықтап, шалғындағы сұр топырақ пен қызғылт қоңыр топыраққа тыңайтқыш шашу тәжірибелерін жүргізді. Тыңайтқыш қолданудың аймақтық жүйесін жасады. Сондай-ақ Д.К. Мәденовтың жетекшілігімен Қызылорда обл-нда көңнің, карбамиформның, Қаратау фосфоритінен өндірілген аммофос, метафосфат, полифосфат тыңайтқыштарының тиімділігі зерттелді. Б.С.Бөсібеков тыңайтқыштардың а. ш. дақылдарының өнімінің сапасына әсерін, С.Б. Рамазанова күріш егісінің өнімділігін арттыруға азот тыңайтқышының тигізетін әсерін зерттеді. Р.Е. Елешевтің ғыл. жұмыста- ры топырақтағы жылжымалы Р205, фосфат потенциалы, кальций фосфатгарының әр түрлі негізді қосылыстарына арналды. А-ның міндеті: өсімдіктің қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін хим. процестерді, тыңайтқыштар мен хим. заттардың тиімділігін зерттеу арқылы а.ш. дақылдарының шығымдылығын арттыру, олардың өнім сапасын жақсарту, топырақ құнарын сақтау және молайту екендігі анықталды. А. топырақ пен тыңайтқыштар арасындағы қатынасты, олардың өсімдікке тигізетін әсерін, әр аймақта а.ш. дақылдарына тыңайтқыштың қандай түрін, мөлшерін, қандай әдіспен қолдануға болатынын зерттейді. Топрақтың, өсімдіктің, тыңайтқыштың, а. ш. дақылдарының зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын у-химикаттардың хим. құрамына талдау жасайды. Өсімдік қорша- ған ортадан алатын қоректік заттардың түрін, оны өсімдіктің сіңіруін анықтайды. Осы- ның негізінде топырақтағы қоректік заттардың түрі мен мөлшерін көрсететін агрохим. картограммалар жасалды. Соның нәтижесінде тыңайтқыштар, гербицидтер, у-хими- каттар қолданудың тиімді әдістері ұсынылды, мол өнім алудың жолдары іздестірілді. Қазақстанда А-лық зерттеулерді Қазақ мемл. аграрлық ун-ті мен Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-ты үйлестіріп отыр.