АВТОМЕТАМОРФТАНУ, автометаморфизм (грек. autos — өзім, metamorрһо — өзгеремін) — суына бастаған магмадан магмалық тау жыныстарының қалыптасуы кезінде болатын процестер жиынтығы. Мұның нәтижесінде қалыптасып жатқан магмалық тау жыныстары өзгерістерге ұшырайды. Бүл өзгерістер, негізінен, магмалық тау жыныстарының кристалдануы кезіндегі температура мен қысымның азаюына және магманың қатайып үлгерген бөлшектеріне балқыма қалдықтардың, ұшпа заттардың, гидротермалды ерітінділердің тигізер әсеріне байланысты. А. процесі: нақтылы магмалық (темп-ра 600°С-тан астам), пневматолиггік (600 — 375 °С) және гидротермалды (375 °С) сатыларға жіктеледі. А-дың мысалы ретінде спилиттердің альбиттенуін, перидотиттердің серпентиниттенуін, аляскиттердің грейзенденуін, негізді және орташа қышқыл жанартаутекті тау жыныстарының пропилиттенуін, т.б. процестерді атауға болады. А- дың нәтижесінде қалыптасқан тау жыныстарының көпшілігі құрамына пайдалы кен-тас бөліктерін де қосып алады. Сондықтан олар кен іздестіру кезінде сенімді сілтеме рөлін атқарады.