АВРОВ Петр Яковлевич (24.6. 1899, қазіргі Жамбыл обл. Мерке а. — 5.5.1968, Алматы) ғалым, геол.-минералогия ғыл. докт. (1959), проф. (1959), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1962), Қазақстанның еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961). Ленинград тау-кен ин-тын бітірген (1927). Геол. барлау партиясының бастығы (1928- 30), цех бастығы (1930—32), “Ембімұнай” геол. барлау тресінің (1932-42), “Қазмұнайбарлау” тресінің (1942- 56) бас геологі, ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі (1956- 59), Қазақстан ҒА-ның Қ.И. Сәтбаев атынд. Геол. ғылымдары ин-тында сектор меңгерушісі (1959-68) болды. А. Каспий маңы ойпатының геологиясын, мұнай мен газ қорларын зерттеді. Атырау обл- ндағы Қосшағыл, Құлсары, Қошқар, Ақтөбе обл-ндағы Кеңқияқ, Бозой мұнай-газ кендерін ашуға қатысты. Негізгі ғыл. еңбектері мұнай және газ кендері геологиясы мен кендерді іздестіру-барлау әдістеріне арналған. Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.