АВЕТИСЯН Хосров Кургинович

АВЕТИСЯН Хосров Кургинович (3.11.1900, қазіргі Армения Республикасы, Гукасян ауд. Илли с., — 24.3.1954, Алматы) — ғалым, тех. ғыл. докт. (1941), проф. (1940), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1946), Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1946). Мәскеу Таукен академиясын бітірген (1929). 1931 — 39 ж. Мәскеудің түсті металдар және алтын ин-тында доцент, кафедра меңгерушісі, Қазақстан ҒА-ның Металлургия және кен байыту ин-тында түсті металдар лабораториясының меңгерушісі, 1939 жылдан Армения Тау-кен жұмысшылары одағының, Кәсіподақтар кеңесінің басшыларының бірі болды. Мыс балқымалары штейндері мен қалдықтарын зерттеудің негізін салған. Балқытылған және күйдірілген өнімдердің құрамын тез және оңай анықтауға мүмкіндік беретін магнитометриялық әдістер жасап, оларды мыс қорыту з-тарына енгізді. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *