Тәуелсіздік — тарихтың біздің ұрпаққа берген,тағдырдың қазаққа берген басты бақыты,баға жетпес дәулеті.
Қазір бой жарыстыратын заман емес,ой жарыстыратын заман.Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады.Ашу-дұшпан,ақыл-дос.Ашу емес,бәрін ақыл шешу керек.Өз халқын сүйетін адам,өз жұртына жақсылық тілеген кісі өзге халықтарды ашындырмайды,өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды.Тарихи болашғымыз үшін осынау жауапты сәтте баршамыз саналылық пен парасаттылық көрсетіп,байсалдылық пен ұстамдылық сақтауға борыштымыз.Қазіргідей алмағайып кезеңде бұл ерекше қажет.Рухани келісім,кәдімгі адамдық,бірін-бірі түсінушілік -міне,біздің барлығымыздан талап етілетін ең басты осы болар.Мынадай аумалы-төкпелі, қиямет-қайымы көп ауыр заманда еліннің, халқынның жүгін мойныңмен көтеріп,қазақ жерінің, туған Қазақстанның рухын бойымызға сіңіру үлкен бақыт.
Біздің ел- азаттықтың алғашқы таза ауасына тұңшығып барып есін жиған,тәуелсіздіктің талап-тілектерін әлі толық зерделеп үлгере қоймаған, үлкен жолға жаңа бет алған жас ел.
Тағдыр Қазақстанға да,қазақ еліне де әзір жылы шырайын танытып, дұрыс қабағын байқатып тұр.