Аңылжыған айдала. Терістіктен темірдейи қарып, ызғырық жел еседі.Жападан -жалғыз шалқасынан жатыр.Бүкіл ту сырты тұтаса мұздап,тұрайын десе, тұра алмайды,өзіне не болғанын білмейді.Аттан жығылған деуге сынған,мертіккен ештеңесі жоқ сияқты, бірақ тұла бойы ап-ауыр.
Жып-жылы бірдене маңдайыни қайта -қайта сипалайды.Бұл не болды екен?
Жүгенін сылдырлатыр қасына кеп,жылқы қайыратын шара көз шабдар айғыра жұп-жұмсақ еріндерімен маңдайын ұйпалап,иіскеп тұрғаннан сау ма?Жоқ,әлде…Бірақ олай болуы мүмкін емес.Ол ешқашан бұның маңдайына бүйтіп жақындап көрген жоқ.Тек анадайдан бір жымиып қоятын.Ал қазір қасына келгендей, маңдайынан сипағандай.Құлағына бірдеңе деп күбірлегендей.Бұл үндемейді, тырп етіп қозғалмайды,тіпті көзін де ашпайды.Көзін ашып қимылдаса,бірденет деп тіл қатса, анасы дүние салғалы басынан кешіп көрмеген мына бір рақат сәтті біржола үркітіп алатындай.
Бір жақ қапталы мұздап барады.Әлгі бір аяулы қол оны қымтады.Шынында да мұның қасында біреу бар ғой.Жаңағының бәрі түсі емес,өңі ме?
Әуелі бір көзін ашты.Не көріп тұрғанына өзі сенбеді.Сосын екінші көзін ашты,шынында да…
Орнынан атып тұра бермек еді,алдында үңіле қарап тұрған қара сұр кісі кеудесінен басып қозғалтпады.
Сенсін бе,сенбесін бе?Манадан бері мұның маңдайынан сипаған жылы алақан Естемісовтікі екен ғой.Күндегісіндей сұп-сұр, күндегісіндей тесіле қарайды.Пышақ жүзіндей жұп-жұқа еріндері туғалы бір жымиып көрмегендей, кірпікшешеннің қылтанағындай тікерек шашы инед й қадалып қаратпайды.