Табиғат

Тау басында дем алған жолаушы тағы жүріп,бөктерге түсті.Оған тағы да қыруар егіндік кездесті. Күн түс. Ыстық әлі қайтқан жоқ. Ерсілі-қарсылы өтіп жатқан машина толас бермейді. Желсіз, ыстық күні жолдың шаның шүйкелеп ілгерінді-кейінді жүйткиды. Жаяу жолаушынынң аузы-мұрнына топырақ тығып, көзіне шаң боратады.Жолдың екі жағы- сыңсыған қалың егін. Әр түрлі машина астық орып,тасып тыңбайды. Шөп, жоңышқылар әлдеқашан шабылып шошаққа салынған. Олар сарғайып, қырға қаптай қонған қалың ауылға ұқсайды. Жолаушының алдындағы тас жол жазық жерге түскен соң түзеліп, бейне тартпадай тартылып жатты. Жолаушы өзі өмірде көрмеген алуан түрлі машиналарға таңғалып, аузы аңырайып, құлағы шыңылдап,мәңгіріп өткенге де, кеткенге де қарай -қарай келе жатыр.
Жаяу жүре-жүре егін арасынан сылдырап ағып жатқан арықтағы суға кез келді.Су сынаптай таза, көкпенбек, мөлдір.Арық жағасындағы шөп елтірідей құлпырады. Су түбінде малта тастар жылтырап, су сылдыр-сылдыр етеді. Су титтей шаң, зәре кіршік, жалғыз құрт, инедей шірік шөп жоқ,көк қасқа бұлақ еңіске қарай сырқырап бұлаң қағады. Жолаушы мұндвй бұлақты көптен көрген емес.
Ол жалма-жан арқасындағы түйіншегін тастай беріп,суға сүріне жығылғандай,арыққа бас қойды. Күнұзын кеңезесі кеуіп келе жатқан жолаушыға жан-жағына қарау қайда,суға төңіп түсті де,тек екі қолды тарбайтып, кеңірдегіне шейін суға сұғыңып, құлақты жылқыдай қайшылып жатыр.
Жолаушы дәл осындай халде жатқанда дүр-дүр еткен дыбыс шықты.Бір машина күжілдеп қоя берді.Ол суды шала-шарпы ішіп,жалма-жан басын көтеріп, сасып-сасқалақтап тұра келді.Енді болмаса машина басып кете жаздаған екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *