Нағыз адам

 

Аптап,қуаң даладағы жалғыз үйдің қасында құдық бар.Бұл үйде атасы мен немересі тұрады.Құдық басында ұзын арқанға бекітілген шелек бар.Жолаушылармен әрі-бері өткен кісілер құдыққа бұрылып,су ішеді,атайға алғыстарын жаудырады.Бірде әлгі байлаулы арқан үзіліп,шелек терең құдық түбінде қалды.Атайдың басқа шелегі жоқ еді.Су тартып ішуге ыдыс табылмады.Келесі күні таңертең атайдың үйіне бір арбалы шаруа келді.Арбадағы сабанның астында шелегі көрініп жатыр екен.Жолаушы құдыққа көз жіберіп атай мен немересіне бір қарады да,атына қамшы басып,әрі қарай жүріп кетті.
-Бұл не қылған адам?-деп сұрады немересі атасынан.
-Бұл адам емес,-деді атасы.
Түске таман атайдың үйі тұсынан екінші жолаушы өтіп бара жатты.Ол арбасындағы сабанның астынан шелегін алып,арқанға байлады да,құдықтан су тартты.Өзі қанғанша ішіп,атай мен немересінің де шөлін қандырды,қалған суды құрғақ құмға төге салды да,щелегін қайтадан сабан арасына салып жүріп кетті.
-Бұл не қылған?-деп сұрады немересі атасынан.
-Бұны әлі адам деуге болмайды,-деді атасы.
Кешке қарай атай үйінің маңына тағы бір кісі тоқтады.Ол арбасынан шелегін алып,арқанға байлады,су тартып,сусының қандырды,сонан соң алғысын айтып жүріп кетті.Ал шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді.
-Бұл не кылған адам?-деп сұрады немересі.
-Міне,бұл нағыз адамның өзі,- деп жауап берді атасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *