Жақсылық, жамандық туралы мақал-мәтелдер

Ат берсең азар,
Тон берсең тозар.


Жақсылық етсең,
Бәрінен де озар.


Алғаның жаман болса, көңілің жарым,
Атын жаман болса, талар қарың.


Амалсыз істеген жақсылық алғысқа татымайды.


Ақылы асқан жақсыны алысым деп ойлама,
Ақылы жоқ жаманды жақыным деп ойлама.


Аланғасар атқа мінсе, тура шабар.


Адам туа жаман болмайды, жүре жаман болады.


Адам аласынан сәз аласы жаман,
От шаласынан соз шаласы жаман.


Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.


Алғаның жақсы болса, үйіңнен кісі кетпейді,
Алғаның жаман болса, досың да шеттейді.


Айтса — айтқанның аузы жаман,
Жыласа — жылағанның көзі жаман.


Бақсыны бақсы көре алмайды,
Жақсыны жақсы көре алмайды.


Біреудің қаңсығы, біреуге таңсық болыпты.


Бітер істің басына, жақсы келер қасына.


Бейнет аяқ астында, жақсылық ағаш басында.


Боқты боққа ұрса, былш ете түседі.


Екі жақсы қосылса, айырылуға қиыспайды,
Екі жаман қосылса, кең дүниеге сыйыспайды.


Жақсының туғаны бір той, өлгені бір той.


Жаман еркек қатынын мақтайды.


Жақсы жерге жатсаң, жақсы-жақсы түс көресің,
Жаман жерге жатсаң, жаман-жаман түс көресің.


Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *