Жақсы қатын жаман еркекті адам етеді.
Жақсы әйел — ырыс,
Жаман әйел — ұрыс.
Жақының үшін жақсының жағасынан алма.
Жақсыдан әкім қойсаң, елді түзетер,
Жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер.
Жақсы — арына құл,
Жаман — малына күл.
Жақсы сөзінді сыйлар.
Жақсы — сыйлағанының құлы,
Жаман — корыкқанының құлы.
Жақсы өлсе қойысқан,
Атың өлсе сойысқан.
Жауын келсе қуысқан.
Жақсы адам алтын басын еңкейтеді,
Жаман адам артын тоңқайтады.
Жақсыға жармас, жаманмен арбас.
Жақсының өзі де жақсы,
Сөзі де жақсы.
Жақсыға жалынсаң кешірер,
Болатты жанысаң өтер.
Жақсының ойы түссе, күйі түседі,
Жаманның ой түссе, биі түседі.
Жақсы — елдің мақтаны,
Жұпар гүл — жердің мақтаны.
Жақсыға айтсаң білер,
Жаманға айтсаң күлер.
Жақсыға шарапат,
Жаманға кесапат.
Жақсыға сөз батады,
Жаманға шөп батады.