Жаманға жүзіңді салдырма, сағың сынады.
Жақсы — ай мен күндей,
Әлемге бірдей.
Жаман жігіт той базар,
Жаман әйел үй базар.
Жеңім жаман болса да, жағам жақсы,
Өзім жаман болса да, ағам жақсы.
Екі жақсы қосылса,
Бірін-бірі қиыспайды.
Екі жаман қосылса,
Кең дүниеге сыйыспайды.
Екі жақсы қосылса,
Қыл өтпейді арадан.
Екі жаман қосылса,
Қол кетпейді жағадан.
Жақсымен жүрсең,
Жақсымен жақсы боларсың.
Жаманмен жүрсең,
Жын үрып, бақсы боларсың.
Жақсы адам — елдің ырысы,
Жақсы сөз — жанның тынысы.
Жақсы адам жолдасынан белгілі.
Екі торының өзгелігі жоқ,
Игі жақсының бөтендігі жоқ.
Екі жаман ауыл болмас,
Ауыл болса да, қауым болмас.
Есекті мақтасаң да тұлпар болмас,
Жаманға жан баласы іңкәр болмас.
Жаманға айтпа сырыңды,
Жаман бұзар шырқынды.
Жаманға айтпа сырыңды,
Тар жерде айғақ болар.
Жаманға сыр айтсаң, жарға жығар.
Жайлауы жақсының,
Әр бұта түбі бір ет.
Жаманның қойнына жатқанша,
Жақсының аяғына жат.