Жаман адамды қарауыл қойсаң,
Үстіңе жау келтірер.
Жаман адаммен сөйлессең,
Ұрлығын айтар.
Жаман әйелмен сөйлессең,
Қарылығын айтар.
Жаман адамға мал бітпес,
Мал бітсе, жақынын танымас.
Жаман адамнан қарыз алма,
Қарыз алсаң да қаражат қылма.
Жаманға сый-құрмет жақпайды.
Жаман адамға жақсы құрмет жараспайды.
Жаман өзі бола алмайды,
Болған ерді көре алмайды.
Жаман кісі бір сөзінде тұрмау,
Опасыздың ісін құдай оңдырмас.
Жаман адам жақсы болмас,
Қанша қыдыр дары сада.
Жақсы адам жаман болмас,
Қанша жасып қарыса да.
Жақсылық суға батпас,
Жарыққа бір шығар, жатпас.
Жақсылығыңды судағы балық білсін,
Балық білмесе, халық білсін.
Жақсылық қылсаң, бүтін қыл.
Жақсы әке жаман балаға,
Қырық жылдық ризық.
Жақсыға — ишарат,
Жаманға — келтек.
Жақсының өзі де жақсы,
Сөзі де жақсы.
Жақсының сөзі кепіл,
Жаманның өзі кепіл.