Жақсыдан жаман туса — үлтан,
Жаманнан жақсы туса — сұлтан.
Жақсыдан жаман туса, ем табылмас,
Жаманнан жақсы туса, тең табылмас.
Жақсыда мін жоқ, жүрісте сын жоқ.
Жақсыға қылған жақсылық,
Өміріңше тозбайды.
Жаманға қылған жақсылық,
Бір күнгідей болмайды.
Жақсыға жанас, жаманнан қаш.
Жақсыға айтсаң білер,
Жаман қамшымен тартсаң білер.
Жақсыға айтсаң бітірер,
Жаманға айтсаң бүлдірер.
Жақсыға айтсаң біледі,
Жаманға айтсаң күледі.
Жақсы тілімен мақтанады,
Жаман бетімен мақтанады.
Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді.
.
Жақсы өзін қосып сөйлейді,
Жаман босқа бөсіп сөйлейді.
Жақсы сынаумен жариды,
Жаман сынаумен күриды.
Жақсы мен жарыққа кім қарамайды.
Жақсы мен жаманның жаны бірдей,
Арық пен семіздің бауыры бірдей.
Жақсының қадірін жақсы білер.
Жақсы — суы тәтті көлмен тең,
Жаман — желі қатты шөлмен тең.
Жақсы кісі мақтанса,
«Жаманнан жата беріп қалдым» — деп,
Жаман кісі мақтанса,
«Жақсыны жағасынан алдым»
дер.
Жаман ағайыннан
Жақсы жекжат артық,
Жаман жолдастан,
Жақсы дүшпан артық.