Тұлға этикасының тартымдылығы сол — көп адам оның көмегімен еңбектену мен жетілудің табиғи үрдісін аттап өтіп, былайша айтқанда, оңайдан оңғақ
тауып, тез арада бақуатты өмірге жеткісі, жеке басының тиімділігін арттырғысы, басқа адамдармен терең, жан-жақты қарым-қатынасқа түскісі келеді.Бұл — мазмүннан жүрдай символ. «Қалай тез баюға болады?» деп, маңдай терсіз миллиондарға жетудің сырын айтамын деп уәдені үйіп-төгетін нұсқаулықтар секілді. Бастапқыда ол шынымен тиімді көрінуі мүмкін, алайда адам бәз-баяғы қалпы қалады емес пе? Тұлға этикасы бұлдыр, алдамшы. Шүғыл әрекет ету тәсілдерін қолдана отырып, биік белестерді бағындыруға дәмелену Детройттың картасын қолға алып, Чикагодағы діттеген жерге жетуге тыраштанғанмен бірдей емес пе. Осыран орай, түлға этикасын қолданудың себебі мен салдарын ажыратқан Эрих Фроммның* сөзін келтіре кетейін: Қазіргі индивидуум өзін автомат сияқты үстайтынын көріп жүрміз, on өзін танымайды да, түсінбейді де. Ол өз бойынан өзгелер күтетін адамдьі ғана — сұхбат тілін мағынасыз сылдыр-сүйық әңгімеге, шынайы күлкісін жасанды жымиюға алмастырған, иіынайы мүңы эниіейін торығуға айналған жанды біледі. Бүл адам туралы екі нәрсені айтуға болады: біріншісі – ол даралығы мен табиғилығын жоғалтқанына қатты қайғырады, мүның ақыры бейдауа дертке иіалдықтыруы ықтимал; екіншісі — оның бізден, жер басып жүрген басқа да миллиондардан артьщшылығы шамалы.
Әр адамның өмірінде өсу мен жетілудің сатылы кезеңдері болады. Нәресте
алдымен ішімен аунап үйренеді. Сосын еңбектейді, отырады, жүреді, жүгіреді.
Фромм Эрих (1900-1980) — америкалық психолог әрі социолог.
Әр қадамы маңызды, уақыт қажет етеді. Бірде-біреуінен сырғып өте шығуға
болмайды. Бұл бүкіл өмірлік кезеңдерге, дамудың барлық саласына қатысты. Мейлі ол фортепианода ойнап үйрену, мейлі қызметтесіңмен дүрыс сөйлесу болсын. Бұл жеке тұлға үшін, ерлі-зайыптылар үшін, отбасы мен бүкіл үйым үшін де маңызды. Бізге процесс приниципі белгілі. Біз оны физикалық қүбылыстар әлемі үшін қажет факт ретінде қабылдаймыз. Бүл принципті көңіл күйге, адами қарым қатынасқа немесе түлғаның мінезіне қолдану әлдеқайда қиынырақ. Осыны түсіне алған күннің өзінде бүл принципті қабылдау, соған сай өмір сүру өте қиын. Кейде төте жолды таңдап, бірнеше маңызды сатыдан аттап кетіп, уақыт пен күш-қуатымызды үнемдеп, қалаған нәтижеге қол жеткізсек деп үміттенетініміз содан. Алайда адамның өсуі мен жетілуінің табиғи процесін қысқартуға тырысқаннан не үтамыз? Мәселен, сіз ортаңқол теннис ойыншысысыз делік. Соған қарамастан, шебер теннисшілер ойнайтын жарысқа қатысып, жұртты таңғалдырмақсыз. Бүдан не үтасыз? Тек құлшыныс сізге кәсіби спортшыларға төтеп беруге мүмкіндік бере ме?
Егер достарыңызды фортепианода концерт беретін орындаушының деңгейінде ойнай аламын деп сендіріп, бірақ, шын мәнінде, жаңадан үйреніп жүрген болсаңыз қайтесіз? Жауап белгілі. Жетілудің табиғи процесін бұзуға, елемеуге, қысқартуға болмайды. Егер менің кез келген саладағы жетістіктерім он балдық шкалада «екі» деп бағаланғанына қарамай, «бес» деген бағаға көтерілгім келсе, онда, ең алдымен, «үш» деген бағаға жетіп алуым керек. «Мың шақырымдық сапар алғашқы қадамнан басталады». Әр сәтте бір ғана қадам жасауға болады. Оқытушыға деңгейіңізді білдірмесеңіз — сұрақ қоймасаңыз, білмейтініңізді мойындамасаңыз, онда ешқашан өсе алмайсыз. Ұзақ уақыт алдап жүру мүмкін емес, себебі өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Білімсіздігіңді мойындау — білімге
бастайтын алғашқы қадам. Торо былай дейді: «Үнемі білімімізді пайдалансақ, өсу үшін маңызы зор білімсіздігімізді қалай үмытпай жүре аламыз?». Осыған орай, бір жайт есіме түсіп тұр. Досымның бойжеткен екі қызы маған жылап келіп, әкесі тым қатал екенін, оларды мүлде түсінбейтінін айтып шағымданды. Қыздар сөз естіп қаламын ба деп, әке-шешесімен ашық сөйлесуден қорыққан. Олар ата-анасының махаббатына, түсіністік танытуына, кеңесіне мұқтаж еді. Қыздардың әкесімен сөйлесіп, ол түйткілді іштей түсінетінін байқадым. Әрине, кей кезде өзін ұстай алмай қалатынын жасырған жоқ. Бірақ ол осы жағдайға өзінің жауапты екенін мойындаудан, эмоциялық даму деңгейі төмен екенін қабылдаудан бас тартты. Жағдайды өзгерту үшін біріниіі болып қадам жасауға тәкаппарлығы жібермеді.
Зайыбыңмен, жұбайыңмен, балаларыңмен, достарыңмен немесе қызмет-тестеріңмен қарым-қатынасың үйлесімді болу үшін, тыңдап үйренуіміз қажет.Ол үшін эмоциялық тұрғыдан талпыныс қажет. Тыңдау — төзімді, ашық-жарқын болуға, түсінуге тырысу деген сөз. Бір сөзбен айтқанда, толық жетілген тұлғаның қасиеттеріне ие болу. Төменгі эмоциялық деңгейді ұстап, жоғары деңгейдегі кеңес беру әлдеқайда оңай.
Теннис не фортепиано мысалында біздің шама-шарқымыз бірден көрінеді, себебі алдау мүмкін емес. Алайда мінез бен эмоциялық дамуда бәрі бірдей
анық емес. Ондай кезде біз өзімізді онша танымайтын, білмейтін әлдебіреудің не әріптестің алдында «кейіпке» ене қалуымыз мүмкін. Өтірік мүләйімсуге болады. Біраз уақытқа дейін тым құрығанда ел алдында осылай жүре тұруға болар. Бәлкім, өз-өзімізді алдармыз. Қалай болғанда да, қандай екенімізді іштей жақсы білеміз, бізбен бірге түратын, жүмыс істейтін жандар да кім екенімізден хабардар екеніне күмәнім жоқ. Бизнес саласында табиғи өсу процесін қысқартудың соңы неге әкеліп соғатынын жиі байқадым. Басшылық жаңа корпоративтік мәдениетті «сатып алып», соның есебінен өнімділікті, сапаны арттырғысы келеді. Қызметкерлердің моральдық ахуалы мен клиентке қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін, жалынды сөз, қызметкерлердің жылы жымиюы, сырттай бақылау орнату көмегімен
немесе ұйымды ірілендіру, біріктіру, бөлу және тағы да басқа кең таралған немесе сирек кездесетін құрылымдық өзгерістерді талай көрдім. Басшылар мұндай манипуляциялар сенімсіздік тудыратынын ескермейді. Егер пайдаланған тәсілдері ойдан шықпаса, түлға этикасының басқа әдістеріне жүгінеді. Сөйтіп, жоғары сенім мәдениетінің негізінде жатқан табиғи процестер мен принциптерді ескерусіз қалдырып, тым ерсі кетеді.
Біраз жыл бұрын осы принципті өзімнің де бұзғаным есіме түсіп отыр. Кіші қызымның үш жасқа толғанын атап өттік. Үйге келісімен қызым қонақ бөлменің бүрышында өзіне сыйланған барлық ойыншықты қызғыштай қорып, басқа балаларды ойнатпай отырғанын көрдім. Бірден байқағаным —
бүлдіршіннің өзімшіл қылығын басқа ата-ана көріп тұр. Өзім университетте
адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы лекция оқып жүргендіктен, сол
сәтте ұяттан жерге кіріп кете жаздадым. Ата-аналары менен бірдеңе күтіп
түрғанын білдім, тіпті сездім десем болады. Жағдай ушығып барады: балалар
менің кіші қызымды қаумалап алған, қолын созып, «ойнай тұрайықшы» деп
сүрайды. Ал қызым оларға бет бақтырмай тұр. Сонда өзіме іштей: — Қызыма
өзгемен бөлісуді үйретуім керек екен. Бөлісіп үйрену — ең басты қасиетіміздің бірі! — дедім.
Басында жай ғана қызымнан өтініп көрдім:
— Күнім, достарың сыйлаған ойыншықтарды бөлісіп ойнасаңшы!
— Жоқ! — деді ол қырсығып.
Содан соң оны ақылға шақырдым:
— Күнім, саған қонаққа келген балалармен ойыншығыңды бөлісіп үйренсең, олардың үйіне барғанда, сенімен бөліседі.
Қызым ойланбастан шорт кесті:
— Жоқ!
Мен тығырыққа тірелдім. Жұрттың бәрі менің қызыма сөзім жүрмейтінін
көріп түр. Үшінші таңдаған тәсілім — баланың көңілін «сатып алу». Мен өте бәсең дауыспен:
Күнім, сен балалармен бөліссең, мен саған тәтті беремін. Сағыз берейін
бе саған?
— Сағыз шайнағым келмейді! — деп шыңғырды ол.
Шарасыз күй кештім. Енді оны қорқытпақ болдым:
Егер бөліспесең, сазайыңды беремін.
Мейлі! — деп айқайлады ол. — Бүл менің ойыншықтарым! Ешкіммен бөліскім келмейді. Ақырында, күш қолдануға тура келді. Қызымның қолындағы ойыншықтардың жартысын жүлып алып, балаларға бөліп бердім:
Алыңдар, балалар, ойнаңдар!
Бәлкім, қызыма ойыншықтарды бөліп бермес бұрын, олар өзінікі екенін сезіну керек болған шығар (Шынында, өзің әлі иеленбеген дүниені қалай бөліп бересің?). Ол менің әкесі ретінде эмоциялық кеңдік танытып, оған сол күйді бастан кешіруге мұрсат беруіме мүқтаж еді. Алайда маған сол сәтте қызыммен қарым-қатынасым, оның өсуі мен дамуы емес, өзге ата-аналар мен туралы не ойлайтыны маңызды болды. Мен әрекетімнің дүрыстығына басынан сенімді едім: «қызым бөлісуге тиіс, бөліспесе, ол қылығы дұрыс емес» деп ойладым. Бәлкім, өз менімді өлшеу деңгейім тым төмен болғандықтан, қызымнан көп нәрсе күтсем керек. Яғни төзім мен түсіністік танытуға қүлықсыз болдым.Сондықтан қызым заттарын бере салады деп ойладым. Сөзім өтпей қалғанынбілдірмес үшін әкелік мәртебем мен беделімді салып, оған күш көрсеттім. Қызыма қаламаған нәрсені жасаттым.
Күш көрсету — осалдық. Күш көрсетуші сыртқы факторларға тәуелділігі күшейгендіктен, осалдық танытады. Бағынуға мәжбүр адам да осал. Себебі бағыну өсімді, еркін ой мен ішкі тәртіпті тежейді. Түптеп келгенде, адамдар арасындағы қарым-қатынас әлсірейді. Серіктестік үрейге алмасады, содан екеуі де, яғни күш көрсетуші де, бағынышты да бұрынғыға қарағанда, өзімшіл әрі ашуланшақ болады. Ал күш иесі (мейлі ол еңсегей бой, физикалық бұла күш, жоғары шен, бедел, қандай да бір ресми қүжат, жоғары лауазым, сыртқы әлпет немесе бұрынғы жетістіктер болсын) өзгерсе немесе жойылып кетсе, не болмақ?
Естірек болсам, ішкі күшіме — өсу, бөлісіп үйренудің маңыздылығы туралы
түсінігіме, сүю, тәрбиелеу мүмкіндіктеріме сүйеніп, қызымның өз еркін өзіне
қалдырар едім: қаласа бөліссін, қаламаса бөліспесін. Бәлкім, оны тәртіпке
шақырғаннан кейін, балалардың назарын қызық бір ойынға бұрып жіберіп,
өз қызымды эмоциялық қысымнан азат еткенім дүрыс па еді? Бүдан былай
мен бала меншіктену сезімін толық сезінсе, ойыншығын өзі-ақ бөлісетінін білемін.
Өз тәжірибемнен түйсінгенім, әрдайым үйрете беру дұрыс емес. Қарымқатынас күрделеніп, эмоциялық ахуал асқынып тұрғанда, біреуге ақыл айту, бірдеңені үйретемін деу оны жақтырмау, айыптау сияқты көрінеді. Ал қарымқатынас жақсы болса, онда баламен оңаша сөйлесіп, оған нені маңызды санайтыныңды, нені үйреткің келетінін байыппен талқылау әлдеқайда пайдалы.
Шамасы, сол кезде маған төзім мен іштей өзімді қатаң қадағалаудан гөрі, анағұрлым жоғары эмоциялық кемелдік қажет болған шығар.
Бәлкім, меншік сезімі бөлісу қажеттігінен бүрынырақ келуі тиіс шығар. Бәлкім, отбасылық, жүбайлық өмірде бөлісуден, өзгеге бөліп беруден бас тартатындар немесе әдетінше өзінікін оңай бере салатындар өзін-өзі үстауды, өзінің даралығын, бағасын білуді сезінбеген шығар? Балаларымызға шын көмектескіміз келсе, олар меншіктенуді сезіне алғанша, сабырмен тосайық. Содан соң бөлісу қабілетін жетілдіргенше, парасатты болайық, ол үшін осының бәрін өзіміз жасап, оларға үлгі көрсетейік.
Стивен Кови