ІШТЕН СЫРТҚА

Жер бетіндегі жетістіктің бэрі ~ дүрыс өмір
салтының жемісі.
Дэвид Старр Джордан

Жиырма бес жыл ішінде кәсіпкерлер және ғалымдармен, отбасы және неке түйткілдерін шешкісі келетін адамдармен етене жақын араласа жүріп, айтулы жетістіктерге жеткен, соған қарамастан, үнемі жан дүниесіндегі тепетеңдікті іздеп сарсылатын, жеке басының жетілуіне, өзгелермен қарым-қатынасының дүрыс болуына көп көңіл бөлетін мыңдаған адамды жолықтырдым. Сол жандардың менімен бөліскен бірқатар проблемалары сізге де таныс шығар деген ойдамын. Мақсат еткен дүниенің бәріне қол жеткіздім. Кәсіби түрғыда айтарлықтай жетістікке жеттім. Есесіне, отбасы мен жеке өмірімді қызмет жолына қүрбан еттім. Қазір мен әйелімді де, балаларымды да танымастай күйдемін. Өзімді қаншалықты тусінетінімді білмеймін, мен үшін не маңызды екенін дөп басып айта алмаймын. Өзіме үнемі «дегеніңе жеттің бе?» деп сүрақ қоямын. Мен жаңа диета қолдана бастадым — биылдыща бесінші диета. Өзім етжеңді екенімді білемін. Сымбатымды барынша өзгерткім келеді. Семіздікті жеңуге қатысты шыққан мақалалардың бір де біреуін қалт жібермей оқимын. Алдыма мақсат қойдым. Өзіме нәтижеге жетем деген қулиіыныс бекіттім. Қолымнан келеді деп өзімді іиітей қайраймын. Бірақ сонда да қолымнан түк келер емес. Бір-екі аптадан артыққа шыдамым жетпей жүр. Өзіме берген уәдемді орындай алмайтын секілдімін.
Қызметкерлерді басқарудың сан алуан курстарынан өттім. Қарамағымдағылар бар ынтасымен жүмыс істесе деп тілеймін. Оларға мейліниіе жылы қабақ танытып, дүрыс қарым-қатынас жасауға барымды саламын. Алайда олардың тарапынан еш ниеттестік байқай алар емеспін. Мен бір күн ауырып, үйде жатып қалсам, жүмыс істемей қол қусырып отыратындай көрінеді. Неліктен оларға мойнындагы жауапкершілікті сезінуді үйрете алмай қойдым? Әлде жауапкериіілігі жоғары басқа қызметкерлерді жүмысқа алсам ба екен? Жасөспірім балам бағынудан кетті. Есірткі қолданады. Не істесем де, мені тыңдайтын түрі жоқ. Қандай ақыл бересіз? Жұмыс бастан асады, ал уақыт тапшы. Үнемі асығып-аптығып жүремін. Күні бойы жан-жақтан қысым көремін. Күн сайын сол. Аптаның жеті күні. Тайм-менеджмент семинарларына қатыстым. Неше түрлі жоспарлау жүйелерін жасап көрдім. Біраз нәрсе үйрендім. Бірақ бәрібір өз қалауымдай бақытты зрі нэтижелі, алаңсыз өмір сүріп жүрмін деп айта алмаймын. Балаларым еңбекті бағалап, үйренсе екен деймін. Бірақ оларды жүмсау үшін үнемі түртпектеп отыруым керек. Бір нэрсе жасатсаң, бүртиып, ренжіп шыға келеді. Одан да өзім істей салғаным оңай. Неге балалар айтқан сөзді жерге қалдырмай, бірден орындамайды? Мен жүмысбасты адаммын. Бос уақытым жоқ. Кейде өзімнен «осы істеп жүргенімнің бэрінің түбі бір пайдасы болар ма екен?» деп сұрап қоямын. Шынымды айтсам, бекер жер басып жүрмеген шығармын. Мен де бүл өмірге өз үлесімді қосып жатқан болармын деп ойлаймын. Достарым мен таныстарым жетістікке жеткенде немесе белгілі бір оршада мойындалғанын көрсем, шын қуануға тырысамын. Шын жүректен күлімсіреп, қүттықтаймын. Бірақ жүрек түкпірінде бір сезім маза бермейді. Неге олай? Мен өте мықты адаммын. Кез келген мезетте өзара эңгімені қалаған бағытқа бүра аламын. Көбінесе өзіме ыңғайлы иіешімге өзгелерді оңай көндіремін. Әр жағдайды терең ойластыра келе, менің үсынған шешімім ең ыңғайлы болып көрінеді. Бірақ сонда да көңілім көниіімейді. «Өзгелер мен туралы, менің үсыныстарым туралы не ойлайды екен?» деген ой маза берер емес. Отбасыльщ өміріміздің қиюы қашты. Үрсыса береміз дей алмаймын, бірақ енді бір-бірімізді жақсы көрмейміз. Кеңесшіге барып көріндік, ақыл сүрадық. Әртүрлі тэсіл қолдандық. Алайда баяғы ыстық сезімді қайта маздата алмаспыз. Бұл түйткілдің бәрі тым тереңде жатыр, жанды қинайды. Бірден шеше алмайсың. Бірнеше жыл бұрын зайыбым Сандра екеуіміз осындай қиындыққа тап болдық. Ұлдарымыздың бірінің сабақ үлгерімі оңалмай-ақ қойды. Ол тым нашар оқыды. Берілген есептің шешімін таппақ тұрмақ, мәнін дұрыс түсінбейтін. Ол әлеуметтік тұрғыда есеймей қалған еді. Тіпті ең жақын адамдарымен сөйлескенде, именшектеніп тұратын. Бойы аласа, әлжуаз, арық. Қимыл-қозғалысы да баяу. Мысалы, ол бейсбол таяқшасын доп әуеге ұшпай тұрып сермейтін. Сосын айналасындағылар оған үнемі күліп, мазақ етеді. Сандра екеуіміз баламызға қатты көмектескіміз келді. Ата-ана рөлімізді дұрыс атқаруымыз баламыздың өмірдің сан тарауындағы жетістіктеріне әсер етеді деп үқтық. Сондықтан өзімізге жаңаша бағдар белгілеп, баламызға деген қатынасымызды өзгертуге бар күшімізді салдық. Сол әрекетімізбен оның ойөрісіне, өзін-өзі ұстауына эсер еткіміз келді. Оны позитив ойлау машығы арқылы психологиялық тұрғыдан қүлшындыруға тырыстық:

  • Бәрекелді, балам! Сенің қолыңнан келеді! Істей алатыныңды білеміз!
    Таяқшаңды сәл жоғары ұста. Допқа қарап тұр. Доп жақындамайынша, таяғыңды сілтеме!
    Баламыз сәл дұрыс істей қалса, оны бар ынтамызбен қолдап-қолпаштай
    жөнелетінбіз:
  • Міне, жігітсің, осы бетіңнен қайтпа!
    Егер біреу оған күлсе, біз күлегешке дүрсе қоя беретінбіз:
  • Баланың мазасын алмаңдар, бөгет жасамаңдар. Ол енді үйреніп жатыр
    ғой!
    Ондай кезде баламыз жыларман болып:
    Қолымнан түк келмейді, бейсболды жек көремін, — деп ызалана айғайлаушы еді. Біз қанша тырыссақ та, бұл ісімізден түк шықпады. Бұның бәрі баланың көңіліне қаяу салатынын көріп жүрдік. Біз оны қолдауға, көмектесуге тырыстық. Өзіне сенімі күшейсе екен дедік. Алайда бірнеше сәтсіздіктен кейін, мәселеге басқа қырынан қарап көрейік деп шештік. Ол кезде мен бүкіл ел көлемінде әртүрлі клиенттермен басшылық қасиеттерді дамытуға арналған ауқымды жұмыс атқарып жүрген едім. Екі ай сайын IBM қызметкерлерінің әкімшілік даму бағдарламасының қатысушыларына арнап, «Коммуникация және қабылдап үйрену» тақырыбында презентация дайындаймын. Зерттеу жүргізу, презентацияға даярлық барысында қабылдап, үйрену қалай қалыптасатынына мән бере бастадым. Көзқарасымыз қимыл-қарекетімізге қалай эсер ететінін білдім. Бүл жаңалық мені ықтималдық теориясы мен өздігінен орындалатын болжамдарды немесе «Пигмалион әсерін» зерттеуге итермеледі. Бұдан басқа қабылдаудың түп-тамыры қаншалықты тереңде жатқанын түйсіне бастадым. Айналамыздағы әлемге жіті көз тастау жеткіліксіз, бәрінен маңыздысы — қандай көзқарас «призмасымен» қарауымыз. Осы «призма» біздің әлемді қабылдауымызға эсер етеді. IBM қызметкерлеріне үйреткен концепциялар туралы әңгімелесе отырып, Сандра екеуіміз бір нәрсені анық түсіндік. Біздің баламызға көмектесудегі ниетіміз, шын мәнінде, оны қалай қабылдайтынымызбен қабыспайды екен. Жүрек түкпірінде терең жасырынған осы сезімімізді мойындаған сәттен бастап, оны жетілуінде кемдігі бар бала ретінде қабылдайтынымызды түсіндік.
    Сондықтан қанша жерден ішкі үстанымдарымыз бен мінез-құлқымызды қадағалап, қанша тырысқанымызбен, не айтып, не істесек те, титтей де тиімділігі болмады. Себебі ол біздің әрекетімізден: «Сенің қолыңнан түк келмейді. Саған көмек керек», — дегенді ғана оқыған. Бір нәрсені өзгерткіміз келсе, ең алдымен, өзімізден бастауымыз керек екен. Өзгеру үшін өз қабылдауымызды өзгертуіміз қажет екен.
    Стивен Кови

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *