ТҰЛҒА ЭТИКАСЫ ЖӘНЕ МІНЕЗ ЭТИКАСЫ

Қабылдауды зерттеуден бөлек, АҚШ-та 1776 жылдан бері шыққан жетістікке арналған әдебиеттерді оқып шықтым. Өзіңді жетілдіру, танымдық психология, өз-өзіңе көмек беру тақырыптары бойынша жүздеген кітапты, макала мен очерктерді ақтардым. Осылайша еркін әрі өмір салты демократияшыл авторлар өмірде нені жетістікке жетудің кілті санайтыны туралы жалпылама түсінік қалыптасты. Жетістікке жетудің екі жүз жылдық тарихын оқи отыра, мынадай таңғаларлық жаңалық аштым. Өз отбасымыздағы жағдайды және осындай жағдаймен бетпе-бет келген, өзім талай рет көрген басқа да көп отбасының проблемаларын саралай келе байқағаным — соңғы елу жылдағы жетістікке жетуге арналған кітаптардың дені атүсті жазылған екен. Мүндай кітаптарда көбіне имидж қалыптастырудың техникасы, тез эсер ететін арнайы тәсілдер сипатталады.
Олар кәдімгі «әлеуметтік аспирин» не «пластырь» тәрізді. Өткір, өзекті түрған мәселені ғана шешеді. Осындай тәсілдердің арқасында кейбір проблемалар аз уақытқа өзектілігін жояды. Алайда асқынған дерт ошағы сол күйінде қалады. Уақыт өте қайта қозып, мазалай бастайды. Керісінше, алғашқы жүз елу жыл бойы жазылған әдебиет осы айтылғандарға мүлдем кереғар. Осы аралықтағы кітаптың барлығы біз әдетте «Жетістікке жету негізіндегі мінез этикасы» деп атайтын тақырыпқа арналған. Бұл әдебиеттерде түлғаның тұтастығы, қарапайымдылығы, адалдығы, ұстамдылығы, азаматтығы, әділеттігі, төзімділігі, еңбексүйгіштігі, өмірсүйгіштігі тәрізді қасиеттерімен коса, «алтын ережеге» бейілдігі нақты тиянақталған. Мүндай әдебиеттердің арасындағы ең мақтаулысы — Бенджамин Франклиннің өмірбаяны. Кітапта, негізінен, кейіпкердің нақты үстанымдары мен дағдыларын қалыптастыру үшін өзін қалай тәрбиелегені туралы баяндалады. Мінез этикасы тиімді өмір сүрудің негізгі принциптерінің бар екенін үйретеді. Адамның тек осы принциптерге сүйене отырып қана шынайы бақыт пен толайым табысқа жететінін көрсетеді.
Алайда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде жетістік туралы негізгі
түсінік мінез этикасынан тұлға этикасына ойысты. Енді жетістік тұлғаныңәлеуметтік жетілуінің бір сатысы, адамның әрекеті мен мінез-құлқы, басқалармен қарым-қатынастағы арнаулы дағдысы мен тәсілдер жиынтығы ретінде қабылданды. Тұлға этикасы екі негізгі бағыттан тұрады: біріншісі — адамдармен және қоғаммен байланыс машығы, екіншісі — позитив менталдық ұстаным (ПМҰ). Бұл философия белгілі бір мөлшерде мына қанатты сөздерде көрініс тапқан: «Сіздің қарым-қатынасыңыз мәртебеңізді айқындайды», «Күлкінің тұнжыраудан гөрі досы көп», «Адам түсінген және сенген дүниесінің бәріне қол жеткізе алады». «Тұлға» этикасы тәсілінің басқа бағыттары айқын манипуляция немесе өтірікке құрылған. Олар сізге амалын тауып, өзге адамға ұнауға немесе бөтен адамның ісіне жорта қызығушылық танытып, одан қажетті мәліметті біліп алуға түрткі болады. Өзіңе керек кезде қолыңдағы билікпен өзгелерді қорқытыпүркітіп, дегеніңе жетуге болатынын көрсетеді. Кейде мүндай әдебиеттер табысқа жетудегі мінездің маңызын мойындайды. Алайда оны басты рөлге шығарып, катализатор ретінде емес, оқшау қарастырады. Бұл жағдайда мінез этикасын сылтаурату — жай шарттылық, бос сөз, шын мәнінде, тез ықпал ету тәсілдеріне, күш стратегиясына, адаммен сөйлесу мәнеріне, позитив ойлау қабілетіне мән береді. Осы тұлға этикасын Сандра екеуіміз түпсана ықпалымен баламызға қолдануға тырысқан тактикаға негіз етіп алғанымызды ұғына бастадым. Тұлға этикасы мен мінез этикасының айырмашылығы жөнінде терең ойлана келе, балаларымыздың жақсы тәлімі мен тәртібі Сандра екеуіміздің тек әлеуметтік жағынан қанағаттануымыз үшін маңызды болғанын түсіндім. Кенже ұл біздің көңілімізден шықпады. Байқасақ, өзімізді мейірімді, қамқор ата-ана ретінде қабылдауымыз баламыз туралы ойымыздан басым болып кетіпті. Осы ойымыз оған қатты эсер еткен болуы керек. Біз баламыздың тағдырына алаңдаудың орнына, оның басындағы проблема туралы мазасызданып, қиындықты қалай жеңсек деп көбірек уайымдаппыз. Осы жағдайды талқылаған соң, Сандра екеуіміз мынадай көңіл көншітпейтін қорытындыға келдік: мінезіміз бен мотивіміз, баламыз туралы түпкі ойымыз біздің әрекетімізге тікелей эсер етеді екен. Бізді алға жетелеген әлеуметтік
мотивіміз ішкі қүндылықтарымызбен қабыспағандықтан, ұлымызды шартты
түрде жақсы көріп, оны өз қадір-қасиетін сезіне алмайтын жағдайға жеткізер
едік. Сол себепті біз бүкіл назарымызды өзімізге, яғни өзіміздің мінез-құлқымызға емес, керісінше, өз баламызды қабылдаудағы ішкі уәжімізге аударамыз деп шештік. Баламызды өзгертуге тырысқанша, оған сырттай қарауға күш салдық. Оны өзімізден оқшау қарап, тұлғаның дара болмыс екенін мойындап, абырой-беделін бағалауға тырыстық. Көп ойландық, дін мен дүғадан жігерлендік. Ақырында, ұлымыздың өздігінше бөлек, еркін, қайталанбас түлға екенін мойындадық. Оның бойынан шексіз мүмкіндіктер көре бастадық. Ұққанымыз — соның бәрін баламыздың өмірлік ырғағына сай жетілдіру керек екен. Сары уайымға салына бермей, баламыздың тұлғалық жағынан ашылуына бөгет болмайық, мүмкіндік берейік деп шештік. Біздің басты міндетіміз — оның дара болмысының жетілуіне септесу үшін оған қуана білу, оны бағалау екен. Бұған қоса, өзіміздің ішкі мотивімізді айқындай түстік. Оның үстіне жеке басымыздың мерей үстемдігі балаларымыздың қылығына тәуелді болмас үшін «ішкі қауіпсіздік қайнар көздерін» іздедік. Баламыз туралы бұрынғы қасаң түсініктің қысымынан арылып, өзіміздің бойымызда шынайы қүндылықтарға негізделген мотивтерді күшейткелі
біз жаңаша сезімге бөлене бастадық. Содан бері ұлымызды басқа балалармен
салыстыруды, оған баға беруді can тыйдық та, керісінше, оның әр қадамына
қуанатын болдық. Оны өзіміз сияқты болсын деп тәрбиелеуді доғардық немесе оның жетістіктерін әлеуметтің күткенімен сәйкестендірмейтін болдық. Біз баламыздан әлеуметке ыңғайлы модель жасаудан ақырындап, мақсатты түрде бас тарта бастадық. Себебі оның болмысынан өз бетінше өмір сүруге қабілеті зор толыққанды адамды көрдік. Оны айналамыздағы жүрттың келемежінен қорғай беру дұрыс емес деп шештік. Әбден қамқорлыққа үйреніп қалған баламыз бастапқыда біраз қиындық көрді. Онысын жасырмай, бізге айтып та жүрді. Айтқанын зейін қойып тыңдасақ та, мән бермеген сыңай таныттық. «Сені қорғамасақ та болады, — дедік біз іштей тілеулестік білдіріп. — Сенде бәрі жақсы». Апта соңынан апта, ай соңынан ай өтті. Ұлымыздың бірте-бірте өзіне сенімі күшейді. Өзінің жеке өмір ырғағына сай дами бастады. Ол әлеуметтік стандартна сай зор жетістіктерге жетті: оқуда, қарым-қатынаста, спортта қалыпты табиғи дамуынан да жылдам ілгеріледі. Жылдар өтіп жатты. Баламыз әртүрлі студенттік ұйымдарға жетекші ретінде тағайындалды. Жеңіл атлетикадан штатымыздың чемпионы атанды. Үйге тек жақсы баға әкелетін болды. Ол жауапкершілігін түсінетін, мейірімді, ашық-жарқын жігіт болып ержетті. Сандра екеуіміздің ойымызша, баламыздың зор жетістікке жетуінің басты себебі — оның өзіне деген сенімі орнығып, өзін қабылдап үйренуінің нәтижесі. Бұл қоршаған ортаның әлеуметтік талабына сай болуға тырысқандық емес. Осы жағдай бізге басқа балаларымызды тәрбиелеуге, өзге де өмірлік жағдаяттарға ұмытылмас сабақ болды. Аталған тәжірибе түлға этикасы мен мінез этикасының арасындағы басты айырмашылықтардың ара-жігін ажыратып берді. Байқасақ, біздің түсінігіміз псалом (діни өлең) айтушының сөзінде анық мазмүн тапқан екен: «Шын ниет етіп, өз ж үрегіңнен ізде, өмір өзені ж үрект ен бастау апады».
Стивен Кови

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *