«Бұл маған дәл қазір қажет». Адамдар заттарға ие болғысы және дереу ие
болғысы келеді. «Маған ақша керек. Мен зәулім әдемі үйімнің, жақсы машинамның болғанын қалаймын, ең үлкен, ең жақсы ойын-сауық орталығына барғым келеді. Маған осының бәрі керек, менің бүған еңбегім сіңді». Заманауи корам кредит картасының көмегімен «қазір алуға, кейінірек төлеуге» мүмкіндік береді, бірақ осы кезде экономикалық өмір шындығы іске араласып кетеді де, біз осы сәтте қанша өндіруге қабілеттілігімізден әсте артық ала алмайтынымызды, кейде бір жан ауыртар жағдайда есімізге салады. Әрине, олай емес дегендей түр танытуға болады, бірақ өзімізді қашанға дейін алдай алмақпыз? Заманауи өмір шындығы бізге қатал, ырыққа көнбейтін талаптар қояды. Біз тіпті бар ынтамызбен жұмыс істесек те, бәрібір жеткіліксіз болады. Технологиялық өзгерістердің жеделдігін және нарық пен технологияның жаһандануы дем беріп отырған бәсекенің өсуін ескерсек, біз білімді болып қана қоймай, өз біліміміздің деңгейін үдайы көтеріп отыруға, өзімізді жаңадан жасап отыруға тиіспіз. Біз артта қалып қоймас үшін өз ақылымызды дамытуға, өз шеберлігімізді үздіксіз үштауға және біліктілігімізді кеңейтуге тиіспіз. Жүмыста басшылық бізді үнемі нәтижеге итермелейді және олай етуіне салмақты себептер де бар. Бәсеке қатал, бәске тіршілігіміз тігіліп отыр. Бүгін өндіру қажеттігі – капиталдың сұраныс-талабын көрсететін заманауи шындық, алайда табыстың нағыз кепілі — тұрақтылық пен өсу. Бәлкім, сіз тоқсандық көрсеткішіңіз жақсы болуына
қол жеткізерсіз, бірақ бүгінгі жетістігіңіз өзінің тұрақтылығы мен өсуін сақтап қалуына және бір жылдан кейін, бес жылдан кейін, он жылдан кейін де өсуін тоқтатпауы үшін қажет күш-қайрат жұмсаудасыз ба — негізгі мәселе, әне, сонда болып түр. Біздің мәдениетіміз бен Уолл-стрит жедел нәтиже болуын талап етеді. Дегенмен бүгінгі талапты қанағаттандыру қажеттігі мен ертең табысты мүмкін ететін қабілеттің дамуына инвестиция салу мұқтаждығы арасындағы тепе-теңдік қағидасын айналып өту мүмкін емес. Нақ осы айтылғандар сіздің денсаулығыңызға, некеңізге, отбасылық қатынасыңыз бен өзіңіз мүшесі болып отырған қоғамдастық сүраныстарына қатысты алғанда да айна қатесіз дұрыс. Айыптау және виктимизация. Қандай да бір түйткілге тап болып қалсақ, біз көбіне-көп айып тағатын объект табуға тырысамыз. Адамдар өзін қүрбан рөлінде көрсетуге машықтанып алды. «Бастығым осындай нақүрыс болмағаңда және менің әр қадамымды бағып отырмағанда… Осындай кедей болып туылмағанымда… Басқа жерде тұрғанымда… Әкемнің осы мінезін алмағанымда… Балаларым осындай тілазар болмағанда… Басқа бөлім тапсырысты шатастырып алмағанда… Біздің саламыз осындай мүшкіл жағдайда болмағанда… Қызметкерлеріміз осындай жалқау және ынжық болмағанда… Әйелім көбірек түсінушілік танытқанда… Егер… Егер…» Біз өзіміздің қиыншылықтарымыз үшін өзге жүрттың бәрін кінәлауға үйреніп алдық және бүл бізге уақытша жеңілдік әкеледі, бірақ сонымен қатар мүндай үстаным бізді осы түйткілдерге байлап-матап тастайды. Маған өз өмірінде болып жатқан жайттар үшін жауапкершілікті мойнына ала алатын көнбіс, сонымен бірге өз проблемаларын жасампаздықпен еңсеріп шығуға қажет бастама көтере алар батылдығы бар адамды көрсетіңізші, мен сізге таңдау күші, шын мәнінде, қандай болатынын көрсетейін. Дәрменсіздік сезімі. Айыптау арсыздық пен дәрменсіздік тудырады. Біз жағдайдың қүрбаны екенімізге сене бастасақ, детерминизм түжырымдамасын қабыл алып, қол көтеріп берілсек, онда тағдырымызға мойынсүнамыз және дамуымызды тоқтатамыз. «Мен пешкамын, қуыршақпын, тетіктің тегершігімін және оған қарсы еш нәрсе істей алмаймын. Маған тек не істеуім керек екенін айтыңыздар?». Мүндай үстаным көптеген қабілетгі, тіпті талантты адамға да тән, ал оның нәтижесі терең түңілу мен торығу болып шығады. Тіршілік үшін тайталасқан бүқаралық мәдениеттің айтатыны — «Өзіңіздің үміт-дәмеңізді сізді еш нәрсе және ешкім түңілте алмайтындай төмен деңгейге түсіруіңіз керек». Дегенмен тарихта бұған қарама-қарсы өсу мен даму қағидасына сүйенетін және адам өз өмірін жасаушы өзі екенін түсінуге мүмкіндік беретін ұстаным да бар екені белгілі. Өмірде тепе-теңдіктің жетіспеуі. Біздің «ұялы байланыс қоғамындағы» өміріміз барған сайын шиеленісіп, күрделі, қиын, стреске толы болып барады. Уақытымызды дұрыс ұйымдастыруға, көбірек жетістікке жетуге, заманауи техника кереметтерінің көмегімен неғұрлым тиімдірек болуға деген барлық талпынысымызға қарамастан, біз, неге екені белгісіз, «ұсақ істердің ұйығына» түсіп қала береміз, біз үшін бірінші деңгейдегі маңызы бар денсаулық, отбасы, өз тұлғаңнын тұтастығы секілді басқа да көп нәрселерді жұмысқа бағындырумен келеміз. Бірақ гәп өміріміздің қозғаушысы болып отырған жұмыста не өмірдің ауыртпалығында немесе өзгерістерінде де емес. Ол біздің заманауи мәдениеттің былай мәжбүрлеуіне байланысты: «Ертерек келіңіз, кешірек кетіңіз, тиімдірек әрекет етіңіз, қазіргіміз үшін құрбандыққа барыңыз». Бірақ бұлай әрекет еткенмен, біз жан тыныштығы мен тепе-теңдікке қол жеткізе алмаймыз; оларға өз басымдықтары туралы айқын түсінігі бар және сол басымдықтарға өзінің
бар күшін жұмылдыра отырып, әрі соларға қатысты өз тұлғасының тұтастығын сақтап өмір сүретін адам ғана ие болуға қабілетті. «Ал мен не аламын?» Біздің мәдениет бізді өмірде бір нәрсеге қол жеткізгіңіз келсе, онда «бірінші болуға үмтылуға» тиіссіз деп үйретеді. Ол былай дейді: «Өмір — ойын, бәйге, жарыс, біз оларда жеңуге тиіспіз». Мектептегі достар, жұмыстағы әріптестер, тіпті отбасы мүшелері бәсекелес ретінде қарастыры-
лады — олар неғұрлым көп ұтқан сайын, сізге соғұрлым аз тиеді. Әрине, біз бекзат болып көрінуге және бөтен адамның жетістігіне қуануға тырысамыз, бірақ кім қомақтылау табысқа жетсе, жанымыздың түкпірінде соларға қызғанышпен қараймыз. Жан-жүрегі өжеттікке толы адамдардың тәуелсіз жігері біздің өркениетіміздегі прогрестің бастау бұлағына айналды. Дегенмен зияткерлік еңбек дәуірінде кім «біз» деп айту өнерін меңгерсе, сол ғана ұлы мүмкіндіктер алып, табыстарға жетеді. Екі жақтың да пайдаға кенелуі үшін өзара құрмет танытып, риясыз әрекет еткен кезде, тек молшылық діліне ие бола отырып қана шынайы ұлылыққа жетуге болады. Тусінудегі қанағаттанбаған қажеттілік. Өзіңді өзгелердің түсінуіне деген талпыныс — бұл адам жанының негізгі қажеттіліктерінің бірі. Әрқайсысымыз өз даусы естілгенін, пікірімен жұрт санасқанын, оны құрметтегенін және бағалағанын қалайды, яғни ықпалға ие болғысы келеді. Жұрттың басым көпшілігі ықпалдың кілті — өз көзқарасыңды өзгелерге анық жеткізе білу, иландыру
қабілеті екеніне сенімді. Сол себепті біз әңгіме-дүкен кезінде өзге адамды зейін қойып, түсінуге тырысып, тыңдаудың орнына өз жауабымызды ойлап бас қатырамыз. Ал нағыз ықпал сізбен әңгімелесіп отырған адам өзінің сізге Әсер еткенін, сіз оны түсінгеніңізді, өзін мұқиятәрі қызыға тыңдағанызды көріп, сіздің ашықтығыңызды сезінген кезде ғана пайда болады. Әйтсе де көп адамның өзгені зейін қойып тыңдауға шыдамы жете бермейді. Олар өзгені түсіну үшін өз жүмысын уақытша ысырып қоюға, тек содан кейін ғана өз идеяларын айтуға қабілетсіз. Біздің мәдениетіміз түсіну мен ықпалға өте-мөте мұқтаж, тіпті мұны талап етіп отыр. Дегенмен ықпал етудің негізінде өзара түсіністік жатыр, ал ол ең болмаса бір адам, шын мәнінде, ықыласпен тыңдауға деген тілек білдірген кезде ғана басталады. Қақтығыстар мен өзгешеліктер. Бәрімізге көп нәрсе ортақ және сонымен бірге біз әртүрліміз. Біз әртүрлі ойлаймыз, құндылықтарымыз, ынтамыз, мақсаттарымыз да әртүрлі, кейде тіпті қарама-қайшы. Әлбетте, осындай айырмашылықтардың салдарынан қақтығыстар пайда болады. Қоғамның шиеленістерді шешу және айырмашылықтарды еңсеру орайындағы ұстанымы,
негізінен, «қай нәрсеге қабілеттісің — соны барынша алып қал» деген ұмтылысты көтермелеуде жатыр. Ортақ бір шешімге келгенше, екі жақтың да артқа шегініп, мәмілеге қол жеткізуі пайдалы болғанымен, түптеп келгенде, екі жақ та, шын мәнінде, қанағаттанбаған күйде қалады. Осындай айырмашылықтардың бізді ең төмен ортақ бөлгішке әкелуіне мүмкіндік беруіміз — өз күшімізді қаншалықты тиімсіз жұмсайтынымыздың дәлелі! Шешімдер қабылдаған кезде, жасампаз өзара іс-қимыл принципіне мән бермегендіктен, көп нәрсе жоғалтып келеміз! Ал ондай шешімдер әр тарап өзі бастапқыда үсынатыннан әлдеқайда жақсырақ болар еді! Дамудың жоғы. Адам табиғатының 4 өлшемі бар — тән, интеллект, жүрек пен рух. Осы құрамға қатысты екі түрлі ұстанымды қолданудың салдарын қарастырайық.
Тән
Бұқаралық мәдениет ұстанымы: белгілі бір өмір салтын қолдау, пайда болтан түйткілдерді медицина көмегімен шешу.
Принцип: өзіңнің өмір салтыңды саламатты ағзаның қалыптасқан әмбебап
қызмет ету принциптерімен сәйкестендіру арқылы аурудың алдын алу.
Интеллект
Бұқаралық мәдениет: телехабарлар көру, «менің көңілімді көтер» нұсқауы.
Принцип: ұдайы зейін қоя оқу; біліміңді өз бетіңмен үздіксіз жетілдіру.
Жүрек
Бұқаралық мәдениет: өзге адамдармен өзара қарым-қатынасты өзінің жеке
басының өзімшіл мүдделерін қанағаттандыру үшін пайдалану.
Принцип: ықылас қойып, құрметпен тыңцаудан және өзгелерге қызмет етуден барынша мол қанағат табу және қуанышқа бөлену.
Рух
Бұқаралық мәдениет: барған сайын, кең тарап бара жатқан атеизм мен арсыздыққа бағыну.
Принцип: қажеттілігіміздің қайнар көзі өмір мағынасын табу мен принциптер идеалына, яғни табиғат заңдарының мұратына ұмтылу да, бүлардың Құдайдан келетініне сенімім кәміл.
Бәріміз осы әмбебап мәселелерді де, өзіміздің ерекше мақсаттар мен қажеттіліктерімізді де үнемі есте сақтауымыз керек. Сонда біз біртіндеп тиімді шешімдер мен бағдарлар табу қабілетіне ие боламыз, ал бүқаралық мәдениет
үсынатын нәрсе мен бүлжымас принциптерге сүйенетін ұстаным арасындағы
айырмашылық — біз үшін күн санап неғүрлым анық бола бастайды.
Қорытындылай келе, өз сабақтарымда жиі қоятын сұрағымды қайталағым келеді: «Ажал сәтінде қайсыңыз офисте немесе теледидар алдында тым
аз отырыппын деп өкінетін боласыз?». Жауап: «Ешкім». Ол сәтте бәрі де тек
өз жақындары, сүйіктілері, қызметтес болған кісілері жайында ғана ойлайтын
болады. Тіпті ұлы психолог Абрахам Маслоудың өзі өмірінің соңында бақыт пен қанағат сезімін және өз ұрпағына қалдыра алғандарын өзінің «өзіңді өзекті етуінен» (оның атақты «қажеттіліктер иерархиясында» бірінші орында түрған қажеттілік) жоғары қойды. Ол мұны өзіңді жеңу деп атады.
Мен өзім де осы ұстанымды қолдаймын. Жеті дағдының өзегінде өрілген
принциптер ұстанудан алар ұлы қанағат сезімін маған менің балаларым мен
немерелерім беріп отыр. Мысалы, 19 жасар немерем Шеннон румынның жетім балаларымен жүмыс істеді және ол Сандра екеуімізге жазған хатында бір науқас сәби мұның тура үстіне құсып жібергенін, сосын өзін қүшақтауға талпынғанын айтып жіберді. Сол сәтте Шеннон бұдан былай өзімшілдікпен өмір сүрмеймін және өзімді өзгелердің қызметіне арнаймын деп іштей шешім қабылдаған. Қазір ол Румынияда тұрады және күні бүгінге дейін адамдарға көмектесуде. Біздің ұл-қыздарымыздың бәрі үйлі-баранды, жұбайларымен бірге принциптерге сүйенетін һәм өзгелерге қызмет етуге жұмылдырылған отбасылық миссиясын жасақтап алды. Бізге ендігі калганы — үрпағымыз өз миссиясын үлгі түтып, өнегелі өмір сүріп жатқанына көз сүйсіндіріп қуану ғана. «Жасампаз жандардың жеті дағдысын» оқуға кіріспес бұрын, сіздерді алдан жаңа білім өрісін игеруге байланысты неше түрлі қызықты ғажайыптар күтіп түр деп сендіргім келеді. Жаңа білгендеріңізді жақындарыңызға айтыңыздар. Ал ең бастысы білгеніңізді іс жүзінде қолдана бастаңыз. Есіңізде болсын: біле тұрып істемеу — білмегенмен парапар. Қолдан келе тұра істемеу — қолдан түк келмеумен парапар. Өз тәжірибемнен айтарым, жеті дағдыны ұстанып өмір сүру — үздіксіз күресу деген сөз. Оның басты себебі мынау: сіз үлкен биіктерді бағындырған сайын, алдыңыздан шыга беретін міндеттердің сипаты да пәрмендірек өзгере түседі, бұл спорттың жаңа түрін бағындырган кездегі сезімге ұқсас. Мен сіздердің қызықты ғажайыптарыңызға қуана қосыламын, өйткені өзім де принциптерге негізделген дагдыларга сай өмір сүру үшін жан аямай еңбек етіп келемін.
Стивен Р. Кови
Прово, Юта штаты,
2004 жылғы 24 шілде