БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ

Баламызға алаңдаушылық, оған коса қабылдау табиғатын зерттеуім, жетістік туралы әдебиеттерді оқуым — осының бәрі жиылып келіп, менің жаңалық
ашуыма түрткі болды. Мен: «Осы ғой, міне», — дедім. Сол сәттен бәрі өз орнына түсті. Аяқастынан көзім ашылып, тұлға этикасының әсерін сезіндім әрі бұған дейін дүрыс деп санап келген, бала күнімнен санама сіңісті ішкі қүндылықтарымды қалыптастырған дүниелер мен күнделікті түрмыста жиі қолданылатын «жылдам эсер ету» пәлсапасының арасындағы көзге көрінбес айырмашылықты анық түсіндім. Көпжылдық тәжірибемде сан алуан саланың адамдарына өзім талай рет үйреткен, тиімділігіне титтей де күмән келтірмеген әдістің неліктен осы көпшілікке мәлім теорияға қарама-қайшы екенін біле алмай жүр едім… Мен, сірә, тұлға этикасының жеке басты жетілдіру, қарым-қатынас жасау дағдысын үйрену, ықпал ету стратегиясы мен позитив ойлау сияқты элементтерінің пайдасы жоқ, кейде жетістікке жету үшін, оларға қажеттілік болмайды деп айтқым келмейді. Олар, шынтуайтында, пайдалы. Алайда бұлардың бәрі — бірінші кезектегі емес, екінші кезектегі факторлар. Шамасы, адамзат баласының алдыңғы буыны қалап кеткен іргетасқа үй саламыз деп жүріп, бүкіл назарымыз тек қүрылысына ауып кетті де, іргетастың өзін үмытып кеткен сыңайлымыз. Әлде ұзақ уақыт бойы өзіміз екпеген егінді орып, қайта дән егуді мүлде үмыт қалдырдық па? Егер белгілі бір стратегия мен тәсілді қолдану арқылы елге эсер етсем, айталық, оларды шын ықыласпен жүмыс істеуге құлшындырсам, маған немесе бір-біріне ілтипат көрсетуіне ықпал етсем, бірақ өзімнің мінезім жетісіп тұрмаса — жасандылығым, сұрқиялығым байқалып тұрса, онда мен ұзақмерзімді жетістікке жете алмаймын. Менің екіжүзділігім сенімсіздік тудырады. Соның кесірінен не істесем де, жақсы адамдар арасындағы қарым-қатынас тәсілі жемісін бермей, әр қадамым манипуляция ретінде бағаланады. Сенімге селкеу түссе, әлде мүлде сенімнен қалсам, онда менің ділмарлығым мен ізгі ниетіме қарамастан, жетістікке жол таре жабылады. Адам бойындағы жомарттық пен мейірім ғана оның қолданатын амалдарын тиімді етпек.
Тек табысқа жетудің амалын қарастырсаңыз, сіз семестр бойы жайбарақат
жүріп, емтихан алдында жанталаса сабақ оқыған студентке үқсаған болар едіңіз. Бәрі жақсы аяқталуы мүмкін. Тіпті тәуір баға алуыцыз да ықтимал. Бірақ күн сайын ыждағаттылықпен дайындалмасаңыз, шын мәнінде, білімдар болу, сол пәнді толық игеру мүмкін емес. Мұндай жүйе фермердің жұмысына қаншалықты лайық екенін ойлап көрдіңіз бе? Мәселен, көктемде егін егуді ұмытып кеттіңіз, ала жаздай думандаттыңыз, ал күзде егін ору науқаны тақалғанда, дайындығыңыз жоқ екені мэлім болды. Ауыл шаруашылығы — бұл табиғи жүйе: алдымен өтемін төле, содан соң қалағаныңды ал. Не ексең, соны орасың — ешкімге артықшылық берілмейді.
Дәл осы қағидат әр адамның жүріс-тұрысында, өзара қарым-қатынасында
болуға тиіс. Себебі адамдар да — түп болмысында сол бітік шыққан егін сияқты, табиғи жүйенің тумасы. Мектеп тәрізді қолдан жасалған әлеуметтік жүйеде адам ойлап тапқан заңдылықтарды қолданып үйренсе, «ойын ережесін» қатаң сақтаса, қысқамерзімді жетістікке жете алады. Көп жағдайда мезеттік, тіпті қысқамерзімдік қарым-қатынастарда адамдарға тұлға этикасын сақтаса да жеткілікті. Өзара әңгімелесу барысында ілтипат білдіру, тапқырлық таныту, оның бір әуестігі сізге ұнағанын сездіру арқылы сүхбаттасыңызға жағымды эсер қалдыруыңыз әбден мүмкін. Аз ғана уақыт араласқанда, тез эсер ететін тәсілді қолдануға болады. Алайда ұзақмерзімді қарым-қатынас кезінде екінші деңгейдегі факторларды қолдану ұзаққа апармайды. Түптеп келгенде, тұлғаға тұтастық пен ішкі рухани күш жетпесе, шынайы өмір оның көкейіндегісін сыртқы әлемге жайып салады, сөйтіп, қысқамерзімді жетістік адамдар арасындағы қарым-қатынастарға сызат түсіреді.
Табыстың екінші деңгейлі факторларын меңгерген көп адамға ең басты
нәрсе — көркем мінез жетіспей жатады. Ерте ме, кеш пе — бұл білініп қалады.
Ол ұзақмерзімді қарым-қатынаста, айталық, әріптесіңмен, әйеліңмен, досыңмен немесе тұлғалық дағдарысты басынан кешіп жатқан жасөспірім балаңмен екі арада бәрібір әшкереленеді. Адамның бойындағы ең шешен, көрнекі қасиеті — мінезі. Баяғыда Эмерсон былай депті: «Менің қүлағымның түбіне айқайлағаныңыз сондай, не айтқаныңызды үқпадым». Әлбетте, кейде мінезге бай бола тұра, адаммен араласа алмайтын жандар кездеседі. Бұл да адамдар арасындағы қарым-қатынас сапасына эсер етеді. Дегенмен бұл фактор бәрібір екінші кезекте. Шын мәнінде, сөзімізге және әрекетімізге қарағанда, біздің болмысымыз әлдеқайда айқын. Біз мұны жақсы білеміз. Кей адамға шүбәсіз сенеміз, себебі мінезін жақсы білеміз. Ол шешен сөйлей ме, сөйлемей ме, дұрыс қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгерген бе, әлде жоқ па — бәрібір біз оларға сенім артамыз, бірлесе жемісті жұмыс істейміз.
Бірде Уильям Джордж Джордан былай депті: «Эр индивидуумның бойында көзге көрінбейтін, естілмейтін, сезілмейтін ғаламат куш бар, ол — өзге
адамдарға өз өмірімен эсер ету. Адам қанша біреуге үқсап баққысы келсе де,
әрқашан өз болмысын жасыра алмайды».

Стивен Кови

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *