Өнер тамған он саусақ,
Үзілмейтін ырысың.
Өнер ғана жалғайды.
Төрт дүниенеің бұрышын.
Өнерлі болсаң ірісің,
Өнерлі болсаң ұлысың.
Он саусақпен тартқан күй,
Ашады көңіл тынысын.
Өнер деген сара жол,
Таңдай білсең дұрысын
Өнерлі ұстаз мен едім
Домбырамды жаныма
Серік етіп келемін.
Жастардың шыңдап өнерін
Күйден дәріс беремін.
Өнер қуған жастардың
Ертеңіне сенемін.
Ардагер, ұстаз,басшылар
Беріп жүр маған көмегін.
Әлемге өнер паш етер,
Қазағымның дерегін
Бізде бар ар да, намыста
Даңқымыз кетті алысқа.
Көрініп биік шыңдардан
Қазағым жайна қарышта!
Авторы. Жаңақорған ауданы
Әлшекей атындағы Өнер мектебі
Мұғалімі: Сүлейменова Арнұр.