Мамандығым — мақтанышым


(эссе)
Мен сонау Бекбауыл ауылындағы №65 орта мектепті бітірер кездегі арманым, таңдаған мамандығым, мүлдем басқа болатын. Сол арман жетегінде Қызылорда қаласындағы Қорқыт -Ата атындағы мемлекеттік университетке жетелеп келіп,университет табалдырығын аттай алмай оңбай құлап , жылай –жылай екі көзім білеудей болып ісіп,амалсыздан сол қаладағы М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжге келдім.Алдымнан жылы шырайлы ағай шығып қал-жағдайымды сұрап,жылауымның себебін түсінгеннен кейін маған дұрыс жол сілтеп сол колледжге түсіуг мүмкіндігім бар екенін,құжат қабылдайтын уақыт әлі аяқталмағанын айтып құжат тапсыруыма көмектескен еді. Солай мен сол колледждің «3 жас пен 10 жас аралығындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу» мамандығына байқаусызда түсіп,сол мамандық иесі атану үшін үш жыл аянбай тер төккен едім.Ондағы мақсатым,өмірдегі бағытым-жүрек қалауымен бұғанағы қатпаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту,ілім-білімге жетелеу,олардың қуанышы мен күлкісінен нәр алу болатын.Сол мақсатым жетелеп жүріп сол колледжді ойдағыдай аяқтап,мамандығым аясында жұмыс жасау болатын.Алайда мамандығым бойынша жұмыс табыла қою оңайға соқпады.Сол арада мен тұрмыс құрып та үлгердім,сонымен менің арманым мәңгі орындалмас сағымға айналғандай болды. Бірақ мен жүрек түкпіріндегі арманымнан ,мақсатымнан бас тартпадым. Солай зымырап үш жыл да өте шықты.Менің арманым, мақсатым үш жылдан кейін бірақ орындалды.Сол кездегі менің қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін болмайтындай еді.Мен өз қызмет жолымды Арал қаласындағы «Мереке» санаториялық балабақшасында «тәрбиеші» болып бастадым. Тәрбиеші ол –– тәрбиелеуші және дамытушы іс-әрекеттерді ұйымдастырушы;
–балалар ұжымын ұйымдастырушы және дамытушы;
-әр баланың жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесуші;
–әр баланың бейімділігі,қызығушылығы және қабілетінің дамуы үшін жағдай жасаушы маман екенін жақсы білетінмін, және сол қызметті абыроймен өз қызметіме деген аса сүйіспеншілікпен атқара білдім. Солай тәрбиеші болып жүрген кезімде ауылда жаңадан ашылған «Қызғалдақ» балабақшасына әдіскер болып орналастым.Сол уақыттан бастап мен әдіскер қызметін бастадым.
Әдіскер болу бұл- жәй ғана мамандық емес;
Ол -ең алдымен баланың функцианалдық дамуына жауапты тұлғаларға өкілеттілік етуші,әлеуметтік қатынасты жақсартушы маман ; Ол–––– адам бағдарын жасушы,келешек ұрпақтың сәулетшісі.Бұл сөздің астарында әдіскер мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екенін айқындап тұр.Себебі әдіскер –ұстаз,үйретуші,бағыттаушы, жаңалықты жеткізуші шығармашыл тұлға. Әдіскердің бір бойында бірнеше қызмет бар. Ол жаңа үрдісте заманауи технологияларды енгізу арқылы сабақтар, семинарлар, ғылыми жұмыстар мен лигвистикалық-турнирлер және тағы да басқа сайыс-байқауларды ұйымдастырып өткізуші, басқару арқылы нәтижелерге қол жеткізуін қолдаушы болып танылады. Балабақшамыздың ашылғаннан бастап мендегі ең алғашқы тоғаныс көшбасшы ретінде педагог-тәрбиешілерге қандай бағыттарды ұстанып жұмыс істеуіміз қажет?,- деген сауал болды.Алғашқы тәрбиешілердің оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа әдістер жүйесін меңгертіп,шығармашыл тұлға болып қалыптасуын басымдылыққа алу қажеттігін түсіндім.Сондықтан әр аптаның бір күнін шығармашылық идеяларды талдап,ұсыну сағатына арнап отырдық. Нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеу бағытындағы түрлі іс-шараларда жасампаздық ойлармен туындаған тәсілдер мен әдіс қорын жинақтадық. Балабақша педагогтары Республикалық, облыстық, аудандық конкурстарға, ұйымдастырған жаңа технологияларды меңгерту курстарына қатысып білімдерін жетілдіріп, балабақшаның оқу тәрбие процестеріне ендіріп те үлгерді.Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Ата — аналарда өз баласының тәрбиесімен білікті мамандардың айналысқандарын қалайды. Біздің балабақшада төмендегідей формада мамандардың шеберлігін арттыру жұмыстары жүргізіледі

  • Педагогтарды міндетті біліктілік арттыру курстарына жіберіп, білімдерін жетілдіру.
  • Түрлі байқаулар, конкурстар ұйымдастыру. Оған ата — аналарды қатыстырып, балаларды қуанышқа бөлеу.
  • Ғаламтордан мектепке дейінгі ұйымдардың жаңалықтармен хабардар болу, инновациялық ізденіс, тәжірибе алмасу түрлі тақырыптарда семинар кеңестер өткізіп отыру. Балабақшадағы оқу тәрбие процесіне қатысты заманауи технологияларды ендіру жолдарын қарастыру. Білікті педагогтармен бірлесе отырып жас мамандармен де жұмыстар жүргізу жүйелі жолға қойылған. Жас мамандарға аға тәрбиешілер бекітіліп берілген. Сонымен қатар өзімнің айналамдағы тәрбиешілеріме кеңес беруге, жан жақты ізденіп ақпараттар алып, оларды балабақша тәжірбиесінде кадрларымның қолдану жолдарын іздестіремін.
    Әріптестеріме жаңа инновациялық тұрғыда әдістемелік көмек бере отырып, алдымен оларға рухани қуат, мейрімділік, шыдамдылық, кешіре білу, қызметтестеріммен тең жағдайда сырласу, әр кадрдың мүмкіндіктеріне сену, ойларын тыңдау қасиеттерім арқылы мен өз балабақшамның жұмысын жетілдіріп, мәртебемді көтере алатындығыма сенемін. Әдістемелік қызметімнің нәтижелігі өз педагогтарымның өзін — өзі тануға ықпал жасау. Әрбір маман шығармашылығын, шеберлігін, талантын жаңғыртып, өз ісінің шебері атанса мен үшін үлкен бақыт.Өз ісінің шебері атану үшін не керек? Әрине білім, міндетті түрде — мейрімділік, жылы жүрек, баламен мамандығына деген сүйіспеншілік.
    Менің өмірдегі ұстанымым «Ойыңды түзе,сөзіңе айналады,сөзіңді түзе,әдетке айналады,әдетіңді түзе мінезіңе айналады,мінезіңді түзе тағдырыңа айналады»,-деген ұлы даналарымыздың сөзі , осы ұстаным менің жадымда берік қалыптасқан.Бір-біріміз туралы ойымыз сөзімізді түзету,әдетіміз жаңашылдық,тағдырымыз ұлы педагогтар жолы болып қалыптасып кемелденетін, талай биік белестерді бағындыра алтын, өз қызметін адал атқартын ұжым бола алатынымызға сенемін.
  • Қызылорда облысы,Арал ауданы,Ақбай аулы
    КМҚК «Қызғалдақ» балабақшасының әдіскері:
    Аккасынова Гулжайна Күмісбайқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *