Бауыржан Момышұлының шөбересі – Нұрсұлтан

  Момышұлы Бауыржан!.. деп дүние, Балқушы еді батыр-шуақ күйіне. Ерлігінің ерен жыры таусылмас – Елі мәңгі айтып жүрер сүйіне. Бауыржаннан кіндік кескен Бақытжан, Ойы – дана, жаны – таза жаһұт жан. Баукең ата немересі Ержанды Қолға алатын тебіреніп бақыттан. Уақыт жүйрік көрсеткендей өнеге, Немереден өнді, міне, шөбере. Баукең батыр шөбересі Ары қарай оқу …

Екі арман

Айырық жолдар айырған, Арасы алшақ екі арман – Жүздерін жылы мұң жауып, Жағаны кезіп құмдауыт, Ақ жаңбыр жауар күнді аңсап, Кездесер шақты күнде аңсап, Шыға алмай бірге сапарға, Жүреді жылап жапанда. Сыңары сынған сырғадай, Мұңайса көкте туған ай, Дүниені бөтен тыңдамай, Сағыныш сазбен тербеліп, Жүреді жалғыз сенделіп. Екі арман – Ары қарай оқу …

Жүз жылдық дерт

  Қоскенге   Жүз жыл болды. Жан досымды көрмедім. Неге бұлай? Өзімді өзім тергедім. Жүз жыл бойы жан досымды ұмыттым, Жүз жыл бойғы жалғыздыққа өлмедім. Жар жалғыздық жапырағын жайды да, Доссыз өтті қуаныш та, қайғы да, Қалды қайда хош көңілдер сеніскен, Дос жүректер семсер серттен тайды ма? Солай ма еді? Ары қарай оқу …

Жақсылықты аңсау

  Жақсы адамдар көп әлі сырласпаған, Кезекті күн есігін бірге ашпаған. Бір ғажабы, кездескен жақсы ағалар Туыс маған, дос маған, құрдас маған. Құрдас олар сәбиге, үлкенге де, Қырламайды беделін бір көрмеге. Айқарылған алмауыт кеуделерін – «Адалдық» деп аталған жыр кернеген. Тымырсық ой тәлкегін кім көрмеген? Оның ойы бұлтпенен бүркелмеген. Дала Ары қарай оқу …

Тілек

  Жарқыл қағып жұлдыз біткен ақса алдан, Жүрер жолдан жаңылыспа, жақсы арман. Темірқазық нысанаңды ұмытпа, Жүрегіңе жылт еткізіп от салған. Пәктігіңе болсын сенің таң ғашық, Жолдас етіп жақсыларды жолға шық. Сенің мөлдір бастауларың кір түспей, Жатсын ұлы мұхиттарға жалғасып. Бүрін жарып, гүлін ашып бас алған, Өскің келген, өнгің келген жас Ары қарай оқу …

Қашықтық

  Қарға адым жер – Ақындық пен ақындыққа жақындықтын арасы. Бірақ осы кеселдің Ғасырларда жазылмаған жарасы. Қарға адым жер – Ерлік пенен етекбасты ездіктің де арасы. Бірақ осы кеселдің Ғасырларда табылмаған дауасы. Қарға адым жер – Жабылық пен жібек жалын жел тараған жүйріктіктің арасы. Бірақ осы кеселдің Ғасырларда таусылмаған наласы. Ары қарай оқу …

Дұшпаным жоқ

  Тағдырдың көрсем де сан қыспағын көп, Тәңірге рахмет, Дұшпаным жоқ! Кеудемнен кек те, зіл де орын таппас, Кеуілде кір мен татты ұстағым жоқ. Мүйізім адалдықтан шықпаса да, Мұңымды мүттәйімдер ұқпаса да, Жаулықтың жолын, сірә, таңдамадым, Жүректің түбінде сан дық қалса да. Таңылып ағаш ат пен есекке мен, Сыртымнан сан Ары қарай оқу …

Сүйемін

  Сүйемін тамызда да, ақпанда да, Ақ қырау самайымды жапқанда да. Жұлдызым жоғарыда тұрғанда да, Көгімнен көз жасы боп аққанда да. Сүюдің мына менде салты бөлек, Ойлама оны күздің салқыны деп. Талқанын тағдырымның бірге татқан Өмірлік қосағымның тартымы көп. Өзекте өкінішің аз ба сенің? Табам ба талайыңның тозбас емін? Сүйемін Ары қарай оқу …

Он екісі тамыздың…

  Рахилаға   Қасиетті аққу құстай жаны ізгім, Түптен таза тұнық тұма тәріздім. Жыл он екі ай күтіп жүрер бір күнім – Туған күнің, он екісі тамыздың. Етжақыным болып кеткен ежелден, Бал тамызар ерініме кезерген, Маған деген бір махаббат дүниеге Осы күні бүр жарғанын сезем мен. Созылғанда сағым бақыт, сағыз Ары қарай оқу …

Темірге

  Жадыңда жүр ме, керемет Жайықта жүзген сол бір күн. Жаныңның нұрын себелеп Кеудені күйге толтырдың. Тау-тас та болып кеттің сен, Жартас та болып жаңғырдың. Данышпан дала ұлы – сен, Дарқан бір әнге салдырдың. Дәнекер естің жібектен Жететін өмір-бақиға. Ұқсаттым сені гүл еккен Сақара тектес сақиға. Сапырып тұрып шашқандай Жайықтың Ары қарай оқу …