Ілияс Жансүгіров өлеңдері

Ұршық Сыртылдама он саусақ,Майдалап, мапа түтілші.Шыртылдама шынашақ,Шыр айналшы, шүйке ілші.Оймышты ұшқат, ырғай caпҰршығым,сені қолға алам.Ұршығымұшқыр, нар тайлақ,Жез бұйдалы-желмаям.Желмаям, желші нар тайлақ,Тартына берме тайтаңдап.Тартына берсең тайтаңдап,Тақымдап қоям қайта айдап.Қыла ма жалқау жарлылық,Қылмаса ділгер жүн азы.Екілен, зырла енді ұршық,Иірейін биязы. КөлгеКөмкеруің көк көгал,Күлмеңдеген күміс көл,Көнерең кесте -құрақ, тал.Кестеңді өртер күзгі жел.Оранып ұлпа Ары қарай оқу …

Ұршық

Сыртылдама он саусақ,Майдалап, мапа түтілші.Шыртылдама шынашақ,Шыр айналшы, шүйке ілші.Оймышты ұшқат, ырғай caпҰршығым,сені қолға алам.Ұршығымұшқыр, нар тайлақ,Жез бұйдалы-желмаям.Желмаям, желші нар тайлақ,Тартына берме тайтаңдап.Тартына берсең тайтаңдап,Тақымдап қоям қайта айдап.Қыла ма жалқау жарлылық,Қылмаса ділгер жүн азы.Екілен, зырла енді ұршық,Иірейін биязы. Ілияс Жансүгіров

Сабын

Сақарың еді сексеуіл, Сабыным, сағызша оралшы. Сабы ннан ырым етуші ек, Оралсаң, ісім оңалшы. Көйлегім көптен жуылмай, Кимешек кірлеп кетіп ед. Бырт-бырт (бидай қуырмай), Биттің де бейнеті өтіп ед. Жабағы болды жібек шаш, Жабылып жаман жабысқақ. Сыңысып сірке бұрымда, Қаптап ед қалың қайызғақ. Сабам сауыс, қасық қақ, Сатала самсып бөзде Ары қарай оқу …

Орақ науқаны

  Күн шыжып, жалпақ егін кетті пісіп, Ораққа жан жабырлап жатыр түсіп, Қым-қиғаш қыруар жұрт орып жатыр, Жел шықса, күн бұлттанса зәресі ұшып. Шоқпардай cap тары тұр басын иіп, Көрінбес ат құлағы тоғай биік. Судырлап теңселеді, сұлу сұлы, Сумаңдап сылдырлаған суды сүйіп. Шалғыны шыңғырлатып жанып-жанып, Жоңқабай жоңышқаға қалды салып. «Әлінің Ары қарай оқу …

Қазақ қызы

  Маужырап тау, күн күліп, Албырап аспан нұрлы көк. Маужырап қыр, жер жусап, Баяулай соқса жел жібек. Қырмызы жалау желбіреп, Өктем-өктем басқан топ, Октябрь тойы болды топ, Он бір жыл оған толды деп, Жамырап ду-ду қалың көп. Сол дүбірдің ішінде Топтанған әйел бір бөлек. Қаймақы қабақ қара қыз, Жинақы көйлек, Ары қарай оқу …

Күн шыққанда

  Шырт ұйқыда жатқанда Шырылдады торғайым. Ұйқыны ашты, оятты. Құлан иек, құлқын сәр, Құрылып торғын шымылдық, Шырға тартты, таң атты. Желі желпіп желегін, Жердегі бәйшешегін Күлдіре, сұлу күн шықты. Шыру, шыру, шіркін!-деп, Көмекейі бүлкілдеп, Торғайдан «тұрлап» жыр шықты. Жайшы көрпе, жастықты, Таста тастай тасбықты, Апа-ау, әне күн шықты. Шеш қазықтан Ары қарай оқу …

Көші — қон

  Буалдыр бұлт ыдырап, Сүңгілі су сылдырап, Сабылған сабыр кепкенде;. Бөртіп бұта бүрленіп, Төлдеп түлік түрленіп, Көгерші гүл төккенде Ел қыстаудан көшеді. Аспанды тандақ таң сөгіп, Қырға қызыл нұр төгіп, Түн түнегі кеткенде; Қойшылары қобырап, Қой-қозысы маңырап, Ауыл даң-дұң еткенде Үйбайлауын шешеді. Тепкішегі қимылдап, Жеткіншегі жымыңдап, Тақымға тай жеткенде; Келіншегі Ары қарай оқу …

Көлге

Көмкеруің көк көгал, Күлмеңдеген күміс көл, Көнерең кесте -құрақ, тал. Кестеңді өртер күзгі жел. Оранып ұлпа ойдымды, Ойпанда жатып етгің наз, Төсінде құстар той қылды, Той бастады қу мен қаз. Сүңгуір, сұқсыр сүмеңдеп, Қасқалдағың қалтылдап, Шүрегейің шүмеңдеп, Шағалаң шулап шаңқылдап. Шомылған сұлу суыңа, Шапылдатып алақан. Мықшиған мерген қуыңа, Балалар қуып Ары қарай оқу …

Кім екен?

Бауырым, сәулем Күләнда! Неліктен солғын ажарың? Тұтылған айдай тұманда, Неліктен төмен назарың? Ақ дидарың тотығып, Ақша бетің солыпты. Жігерің жасып, от құрып, Жанбастай болып сөніпті. Жазық жаурын қайқайып, Шыбық белің бұралып, Құлағың қапты қалқайып, Тамағың, жағың суалып. Бүлдірген бетің сұрланып, Тыржиып қабақ қатыпты. Алмадай піскен нұрланып, Тартылып ұртың батыпты. Мөлдір Ары қарай оқу …

Жүдеу жүрек

  Былапыт, Ылат, Былжыр күз. Тұнжыр қабақ , Қылжыр көз. Қыр қызықсыз, Тау түрсіз. Су сұрықсыз, Сүйкімсіз. Жылауық көз Сылбыр күз. Көріксіз, Әрсіз, Ажарсыз. Сілбірең Тұман, Көңілсіз, Жауын Айсыз, Жұлдызсыз. Түн, Түнек Түтін… Үй жалғыз. Отын дым, От бықсиды. Үрлейді қатын, Сықсиды. Қайнамай қазан, Түксиді, Мұкаш Бүкшиді.     Ірге Ары қарай оқу …