Тынбайды жүрек алқынып

Тынбайды жүрек алқынып,келгендей маған жалқы жұт.Қай жаққа барып жай табам,назымды кімге айта алам?Шағала көңіл шарқ ұрып,іздейді сені қайтадан.Найзағай-ашу ноқталап,булығып жаттым мен бес күн,қажеті жоқтай енді ешкім,жанары – тылсым, от қабақжасынмен жалғаз белдестім.Айналып түссін аспаным –көрмеймін енді деп сені,көзімді аштырмай кек селі,тулайды тәнде жас қаным,жалынды жалғыз кешкелі.Көміліп жаттым жас, мұңға,сезбеймін – Ары қарай оқу …

Тыңдаңдар, тірі адамдар!

«Әлия мен Мәншүк жыры ***Мезгілдің тас тасқыны,өлімнің қақпас түнібізді мәңгі тастады тұншықтырып,кете алмаймыз орыннан ыршып тұрыпбұдан…— Қанша жыл еді?— Көп-көп жыл бұрынғыдай…Ойлап па едік өтерін ғұмыр бұлайжеті қат жер түбінде.Бір ғажап елтіп үнгеөмір-бақтың қақпасын жаңа ашқанда,таңдай қағып Күн, шуақ, ағаштарға,гүлдерге, сандуғашқа…балауса балғын жастабәрі — сұлу, бәрі — таң, бәрі — Ары қарай оқу …

Болашақ ұрпақ

Болашақ ұрпақ, сағанкөңілде сыр сақтағам,сыр емес-ау, сұрақтар, шегіністер,сендердегі жеңістер, жеңілістер,өмір мен адам жайлы,сезім мен заман жайлынәзік жыныс құштар ғой білуге әлі,өр мінез боп кетпесе бүгін бәрі —шақырамын сені ашық әңгімеге —өлгенге үкім жүрмейді — ол заң біле ме?!Жас ұрпақ, балғын ұлан!Қандайсың өзің сенің?Көп кешкен өмір селін,мүмкін, қарау шығарсың салқын қанды,жоққа Ары қарай оқу …

Үміт

Түңілгенде, қиналған сәттеріңдемаңдайыңнан сипайтын елің барда,елің барда—үміт пен сенім бардажаныңды нұр кернейді,жүректі жыр тербейді. Арай жырлар.Арай жырлар, күндейтін талай мұңдар.Мынау жердің үстіндебала көңіл, акпейіл адам берда,тарылуды білмейтін далаң барда,кеңдікке талпынасың,ерлікке талпынасың,талпынасың алдағы ақ арманға,сосын сенімді ақтауға шарқ ұрасың.Мынау жердің үстіндеәділеттен жаралған жандар барда,үміт барда талпынтқан таңдарға, алға,досыңның түсін жылытып,жауыңның мысын Ары қарай оқу …

Ұрлық

(әзіл)Жүрегімдітәтті қиял, арманмен үлпілдеген,сағынышым, ойым мен күлкім, денем –бәрін алып қойдың сен, енді сенсізжүре алатын емеспін бір күн де мен.Тәкаппарлау жалт еткенкөзімдегі ойнақы мысқылымды,тиген жерін өртейтін ыстығымдыжұрдай еттің. Құдай-ау, қайда кеткенменменшілдеу бойдағы күш бұрыңғы?!Жаным елтіп шырқайтын таңдағы әнім,жетелейтін ой-қырға арман-ағын –бар асылым өзіңмен бір болғасын,есі-дертім сен болып сандаламын,ойлашы өзің – Ары қарай оқу …

Флейта

Мен сенсіз өмірімдіелестете алмаймын мүлде, мүлде!Екеумізде таң мен түс, түн де бірге.Жүрек сырын шертуді басқа адамменөңім түгілі, ойлауға жасқанам мен!Бұл өмірдежалғыз жүру құлазып — жаза жанға,аузын ашып тұрғандай ажал алда.Шақырмайды әуендер тымық таңға –сенсіз жерде ән, бақыт, қызық бар ма!Махаббатым —мөлдір әуен, сұлу саз көктемдерім,көктемдерім — өзіңнің өбкен демің!Тірлік әні Ары қарай оқу …

Шалдың махаббаты

Менің бар мұңдарымды,ешкімге де айтылмас сырларымдысен ғана көңіліңе сақта, жаным.Көкіректегі қасірет, қуанышымды,өкінішім мен үмітті, жұбанышымдысаған ғана үн қатпай ақтарамын.Егер сен түсінбейтін біреу болсаң,мен бір шешендердей боп есілер едім,бәрін талдап, бүкпесіз шешілер едім.Амал не, ұғып тұрсың ғой.Ендеше, күнім,Жанымдыжүдете бересің несіне менің?Мына тірліктің көп екен бұрқасындары,шуақ аңсаған жанымның бұлты ашылмады,өзіңнен ғана жылылық Ары қарай оқу …

Шаттану

«Сай-саладан шаттық пен күлкі ағылып,сыңғыр қағып бұлақтар, қырқа жібіп,“Қыстың сызы қалмаған жазғытұрым”келді, міне, бізге де гүл тағынып.Жайнады аспан көзіндей келіншектіңкөкірегін қымтаған бұлт арылып,қыз-көңілде әуендей шырқады үміт.Шаршаулы едім, келдің бе, нұр көктемім!Гүл-шарқатқа орадың қыр бөктерін.Шуағыңа анамның көңіліндеймалынғанда қиялым жүрдек менің.Көктеменің арайлы таңы атқандакөрдім талай жанардан мұң кеткенін,көңілдерді қайта бір гүлдеткенін.Ағытқандай кеудеден Ары қарай оқу …

Шаттық қайда, ән қайда аласұрған?

Шаттық қайда, ән қайда аласұрған?Түндер қайда ұйқыны таң асырған?Байланғандай тіл-аузым тұншығамын,шалға тиген байғұстай шарасыздан.Күлкі қайда қытықтап шашыраған?өрлік қайда келе алмас қасына жан?Жанарымнан жанымды ұғынатынқайда менің аяулым – асыл анам?Күндер қайда көздерден жалын ұшқан?өкпелескен, назданған, тағы ұғысқан?Сезім қайда жүректі алқындырып,жын ұрғандай сенделтер сағыныштан?Достар қайда – сауықтың сәні қайда?Тілеуі бір, жаны – Ары қарай оқу …

Шәкірт сөзі

Барады ғұмыр ағып,сан алаудың бірі өшіп, бірі жанып…Бірақ менің әлемдей көңілімдесен шырақсың мөңгілік нұры жарық.Көз алдымда:құйып жанға өшпейтін бір жалынды,отырушы ең айта алмас сырларымдыайтқызбай-ақ көзімнен ұғып алып.Болмысың, тұлғаң, арыңашты маған дүниенің сырлы аралын,бұралаң жол, құздарын, жылғаларын.Сен анасың—мәңгілік құлағымнанкетпейтін қүндақ әнің.Көтере алмай кейде өмір сынақтарын,мүмкін, сені мен ылғи қуантпадым,мүмкінкейде өзінді тыңдамадым.өсірдің, Ары қарай оқу …