ЖАЗҒЫ ДАЛА

Тамылжыған жас иісті, Жазғы жасыл көк дала. Жайылған жібек кілемдей, Қызылды, жасыл көк дала. Құшағын жайған кең дала, Төсін ашқан анадай. Қаладан келген сағынып, Бейне мен бір жас баладай. Далаға келіп көк жасыл, Кестелі жібек көрпедей. Жас балаша шаттанып, Құлай кеттім еркелей. Жас баладай ойнаған, Жібек шашы жалбырап. Солқылдақ өрім Ары қарай оқу …

ЖЕЛ ҚАЙЫҚТА

Тәуекел дарияға салсаң қайық, Қорықпай жүз, тұтқан жолда кетпе тайып. Дарияда бірде тыныштык, бірде дауыл, Қаңбақша кезер кемең қанат жайып. Абықта қалқыр кемең тыныштық тауып, Сұрапыл дауыл соқса қатер-қауіп. Тілсіз жау қара дауыл үні құрыр, Ескекті мықтап ұста, кетпей ауып. Тыныштықта құлаш керсең әнге салып, Гулеп сал, толқында да қаһарланып. Ары қарай оқу …

ЖҮГЕНСІЗДІК

Баянауылдағы милиция бастығының қимылынан осы кезде Баян маңайындағы қазақтар көпшіл тұсындағыдан артық дірілдеп тұр. Бұрын земство билігінде тұрғанда қойдан қоңыр жуас милиция бастығы енді қаталдыққа көпшілдерден кем түспей тұр.…Январьдың аяқ кезінде он екі казак-орыс милиционерлері Баяннан екі жүз (200) шақырым жердегі Бесоба барағына өтті. Жолындағы Ақбеттау елінің қазағына қылмағаны жоқ: Ары қарай оқу …

«Қазақ» газетінен

«Сарыарқа» газетінің 1918 жыл, 22 қаңтардағы 28- нөмірінде Әлімхан Ермекұлы жазған басмақаласында былай дейді:«Алаш туы астындаКүн сөнгенше сөнбейміз!Енді ешкімнің АлаштыҚорлығына бермейміз!!Өлер жерден кеттік біз.Бұл заманға жеттік бізЖасайды Алаш өлмейміз:Жасасын Алаш жасасын!Жасасын Алаш жасасын! Декабрьдің 12-күні, түс ауа, сағат 3-те дүниеге «Алаш» автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты Алаштың баласының басына Ары қарай оқу …

ЕКІНШІ ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ СЪЕЗІ

Заман жаманға айналды. Келешек қараңғы, қорқыныш зор. Осындай бүліншілік заманда аяқ асты болып қорлықта қалмауымыздың қамын кеңесу үшін екінші жалпы қазақ съезіне шақыруға қаулы қылып Орынбордағы оқыған қазақтар төмендегі телеграмманы қазақ облыстарына және уездеріне беріп отыр.Телеграмма сөзі«Бүкіл мемлекет қазір бетімен жайылып кетті, кешікпей талан-тараж қырғынға айналатын түрі бар. Алалық, алты Ары қарай оқу …

ӘЛИХАННЫҢ СЕМЕЙГЕ КЕЛУІ

Әлихан Томскідегі Сібір съезінен қайтып, баяндама оқуға Семейге барған еді. Семей халқының Әлиханды қалай қарсы алғаны жөнінде «Сарыарқа» газетінде бір мақала басылып шыққан.Әлихан Семейге 21 октябрь күні келетіндігі күн ілгері мәлім болған екен. Сол күні алдынан шығып, құрмет көрсетуге Семей қазақтары бұрынғы губернатор мекемесі, қазіргі «Бостандық үйіне» ағыла бастаған. Семинаристер Ары қарай оқу …

«АЛАШ» ХАННЫҢ ҮЙІНДЕ

Колчактың, алашорданың заманы еді. «Алашорда» үкіметі екі бөлек жерде. Күншығыстағысы Семейде. Күнбатыстағысы Орал облысында, Жымпиты қаласында. Семейдегі «алашорданың» бастығы — Әлихан Бөкейхан, Жымпитыдағы орданың бастығы — Досмұқамбетов Жанша. Мүшелері: Қалел, бағанағы Салық болыстар.Бір күні кешке, «Күнбатыс алашорда» үкіметінің бастықтары жай кеңесіп отыр еді. Кеңес «Орданың» кеңсесінде емес, Қалелдін пәтерінде еді. Ары қарай оқу …