Жалқаулықтан мәңгі арылудың тура жолы. Жалқаулық менеджері деген кім? Онымен байланысу керек пе?

Адамның санасы тұнып тұрған үлкен холдинг екенін бір жазушы айтып еді. Расында, күндіз-түні жарғақ құлағын жастыққа тигізбестен, алға жылжудың қамын ойлайтын адам өз санасындағы түрлі менеджерлермен байланысқа түседі. Олар: ойлау, даму, ұйқы және т.б менеджерлер.  Бірақ олардың арасында біздерді құртудың жолын ойлайтын жағымсыз, санасыз менеджерлер де баршылық. Мәселен, жалқаулық пен Ары қарай оқу …

Сенім-сені алға жетелейді!

Сенім адам бойына ең қажетті қуат көздерінің бірі әрі бірегейі! Сенім арқылы сіз өзіңізді кез-келген жерде  алып шыға аласыз! Тіпті, тауға басыңыз соғылып, сазға құлаған сәттерде де…  Адамды жалғыз жебеп, періштедей қорғап жүретін бір-ақ рухани байлық бар, ол-сенім.   

Сенімділік

Өмір  50% пайыз күдіктен, 50% пайыз сенімнен тұрады. Мысалы, біз ұйықтар алдында да оятқышты таңғы алтыға қоямыз. Бірақ міндетті түрде ұмытып кетпедім бе деп, оны қайта тексереміз. Сауда орталығынан  техника сатып алдық. Оған да сенімді болу үшін кепілдеме сұраймыз. Үйден шығып бара жатып, есікті құлыптаймыз. Бірақ кілттенгеніне сенімді  болу үшін Ары қарай оқу …

Кітап оқу шеберлігі

Бернард Шоудан: «Сіз бос уақытыңызда не істейсіз?» деп сұраған болу керек. «Бос уақытымда серуендеймін, ұйықтаймын, достарыммен пікірлесемін»,-деген екен. «Сонда қашан кітап оқисыз?» -дейді сұхбат алушы. Шоу: «Кітап бос уақытында оқылатын нәрсе емес, оған арнайы уақыт бөлемін».-деп жауап берген екен. Аптасына бір рет кітап оқимын деп нысана қойған адам, ең азы, Ары қарай оқу …

Робин Шарма

Әлемді жақсарта, сен өз өміріңді жақсартасың.  Бір жақсылық жасамай, ұйықтауға жатпа. Өмірге келуінің себебін анықта.   Күнмен  бірге оянатын адам, жақсы күнді өткереді.  Соңғы  рет және қайталанбастай өз ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТУГЕ ҰМТЫЛ!  Теріс тәжірибе бұл өмірде жоқ- өмірде өсуге және дамуға мүмкіндік бар.  Астарлы кітаптарды оқы-олар саған кез-келген жағдайдың шешімін табуға Ары қарай оқу …

Қимылда-әйтпесе ұтыласың!

Өз армандарыңды жүзеге асыру үшін қимылдау қажет. Қимылда-әйтпесе ұтыласың. Егер, сізде өзіне керек нәрсе болмаса, оны өзіңіз жасап шығаруға тырысыңыз. Құдай жолыңызды сонда ашады. Барлық армандарыңыздың есігі бір-ақ ашылады. Мақсаттарыңызға апарар жол кез-келген уақытта ашылуы мүмкін.  «Шекарасы жоқ өмір» кітабының авторы — Ник Вуйчичтің  «Шексіздік» атты  кітабынан.  Орыс тілінен аударған: Ары қарай оқу …

Психология жайлы сыр…

Психологияда мынадай ұғым бар: «Адамды ең алғашқы қалпында сақтау» деген. Яғни, сіз өзіңіз жақтырмайтын, жек көретін адамның жақсы әрекеттерін ешқашан байқамайсыз. Оның тіпті «Дос болайық!»деген іс-әрекетін өткендегі жарамен салыстырып, сынға аласыз. Себебі, ол сіздің жадыңызда «Адамды ең алғашқы қалпында» сақтау деген атаумен құптаулы. Бұл мәселенің бір-ақ шешімі бар, ол- Бірінші Ары қарай оқу …

Нақыл сөзден дән ізде

Кейде ‘‘Ақылды” деп танылған адамдардың іс-әрекеттерінен тек тік жүру білетін — Питекантропты көргендей боламын. Бәлкім, шынымен де, олар тік жүруді ғана білетін шығар.Әйткенмен, Питекантроптың санасы біз ойлағаннан да жоғары емес пе? Ал сонда ‘‘Ақылды” деген адамның ашулы әрекеті қандай?Оның ашу үстіндегі кеңістік әлемі ше? Меніңше, бос вакуум…©Altynshash_kyrmanaeva

Мотивациялық сөздер тізбегінен

Ешқашан саған сенетін адамды алдама. Cені алдаған адамға ешқашан сенбе. Бернард Шоу

Marcus Aurelius

Таңертең ұйқыдан оянған кезде өзіңізді өмірге қайта келгендей сезініңіз. Сол күннің қадірін біліңіз және жақсы өмір сүрудің жаршысы болыңыз.