ОРМАН ПАТШАСЫ

  (Шиллер-Жуковскийден)   Қараңғы салқын түнде кім, Аяңдамай, желеді? Жанында жас ұлы бар, Жолаушы жортып келеді. Әкесіне дірілдеп, Тығылды бір уақ нәресте. Құшақтап қысып баласын, Жылытады қарт әке. – Неге қорқып, тығылдың, Айтшы, көзім карасы? – Көз алдымда жарқ етті, Жан-ата, орман патшасы, Сақалы оның қоп-қою, Қара тәж киген, Қара Ары қарай оқу …

ЖАЗҒЫ ТҮНДЕ

Судай сұлу қара көз Сүйгеніне берген сөз: Белгілі жерден табылмақ, Қараңғы жаздың түнінде. Жатқызып тегіс үй ішін, Қысып сүйді сіңлісін, Сырлас тете бауырдан Айырылу жеңіл ме? Алдыңда алтын бағың бар! Жолдасың шын сүйген жар. Баққа аяқты батыр бас, Күрсінбе, сұлу, егілме, Буыннан қалің кетіп тұр, Тыста жарың күтіп тұр. Ақ Ары қарай оқу …

Мағжан Жұмабаев өлеңдері

СҮЙ, ЖАН СӘУЛЕМ Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!Жылы, тәтті у тарады қаныма.Бұл ләззаттың бір минутын бермеймінПатша тағы, бүкіл дүние малына.Құшақтатып нәзік талдай беліңнен,Сүйгіз, сәулем, тәтті балдай тіліңнен.Бой шымырлап, талықсиды жүрегім,Балқып денем, барам еріп деміңнен.Кір қойныма, қыпша белің бұралып,Тарқат шашың, жатсын жібек оралып.Жаным! Жаным! Тезірек тисін төске төс,Көз Ары қарай оқу …

ТІРІ БОЛ

  Сүмбіл шашы, Сылқым жасы, Отағасы Кәріге. Сөкпе, жаным, Тәтті қаным, Бітті иман Бәріңе. Жаның ұсақ Қоңызға ұсап, Құшақ, құшақ Өсек көп. Шын жаныңмен, От қаныңмен, Иманыңмен ісің жоқ… Қыбыр-қыбыр, Жыбыр-жыбыр, Сыбыр-сыбыр Мінезің. Шық, бері шық, Кінәлайсың жұрт, Неге жырқ-жырқ Күлесің? Кесек-кесек Артқан өсек Бір көк есек, Көнбейсің!.. «Баспын» дейсің Ары қарай оқу …

АУРУ

  «Дәрігер, дәрі, бақсы!» – деп, Алмаңдаршы мазаны. «Тірліктен өлім жақсы!» – деп, Сұраймын өзім қазаны. Дене ауырса, дұрыс-ақ, Дәрігер, бақсы ем қылар. Жан ауырса, ойлап бақ, Жанға емді кім қылар? Уланды жүрек, жан күйед, Ішім толған қызыл шоқ. Не себептен, Тәңірі ие, Денеге ем бар, жанға – жоқ?   Ары қарай оқу …

САРҒАЙДЫМ

  Сарғайдым күннен күнге қуат кеміп, Қалың ой – қара жылан жүректі еміп. Ақырын бітіп барам жанған шамдай, Көзіме ыстық жастар мөлт-мөлт келіп. Апырм-ай, ауыр болды-ау күнді өткізу, У жұтып, айдан ұзын түнді өткізу!– Қозғалып, сөйлеп, ойнап, тірі жатып, Өлем деп жас өмірден күдер үзу. Соғасың жиі-жиі, жүрек, неге? Соққанмен Ары қарай оқу …

ӘЙЕЛ

  Қылмыстан жазып Тәңіріге, Қарсы келіп әміріне, Қуылды Адам жұмақтан. «Қайт,– деген,– қара жеріңе, Бесігіңе, көріңе!» – Бұйрық болды бір хақтан. Батпас жарық күні жоқ, Періштелер үні жоқ, Айнала – өлім тып-тыныш. Өткелсіз биік тауы бар, Есепсіз түрлі жауы бар, Қараңғы көрдей қорқыныш. Жерге түсті жалаңаш, Көңілде – қасірет, көзде Ары қарай оқу …

ЗУҺРА

  Зуһра деген қыз бала, Беті – алма, жүзі – Ай, Саусақтары күмістей, Сүмбіл шаш, көзі – құралай. Түн сайын көкке қарайды, Ақырын үнсіз жылайды. «Жарқырап жұлдыз болсам!» – деп, Жалынып көктен сұрайды. Көз жасын көк көреді, Тілегін Тәңірім береді. Бір түні ұйықтап жатқанда, Періште көктен келеді. Тыныш жатқан сәбиді Ары қарай оқу …

Р … АЛЬБОМЫНА

  Себеп не екен? Бастан мені таптыңыз, Альбомыңызды алдыма әкеп тарттыңыз. Мен даярмын, рақмет сізге, қарындас, Ағаңызға көңілді бір іс арттыңыз. Ай аппақ қой, Сізге көңілім Айдай ақ, Сізге деген жүректе жоқ жалғыз тап. Адал ниет, ақ көңілімді бетке ұстап, Ақылсымақ сөз айтайын азырақ. Альбом – жүрек, уақыт жетпей ашпаңыз, Ары қарай оқу …

ТҮН ЕДІ

  Түн еді. Көкте қаптап бұлт тұрды, Жел жылап, долы дауыл ұлып тұрды. Секіріп сары шаш шайтан, жындар билеп, Әлдекім сылқ-сылқ қана күліп тұрды. Жапан түз, отсыз, сусыз бетпақ шөлде, Жын-шайтан мекен еткен тағы жерде Жас бала. Жолдасым жоқ, жапа-жалғыз Мен келе жаттым батып қанды терге. Көзімнен жас ақпады – Ары қарай оқу …