Игуасу

Тау кернеп, Тастан өрлеп, Үңгіп асу, Білмейтін аққан сайын Бір жуасу. Ең жойқын сарқырама Жаһандағы, Мың құлаш биіктігі Игуасу! Игі су, Игі асумен үндесетін, Үндістің Үздіктірген кү й дуасы. Орғиды Бір жартастан бір жартасқа, Ғажайып, Табиғаттан сый бұл асу, Жылжып кеп, Шұңғымаға жығылатын, Мұнарлы уақыт-мұңға Мың куә су!   Б. Ары қарай оқу …

Күнәлі болсаң

Күнәлі болып Қалдың ба жаным, байқамай, Өмір ғой енді… Болады жұмбақ жай талай. Қапысын таппай Қоймайды-ау қамсыз пенденің, Сақпанын сайлап, Қақпанын құрған сайтан-ай. Адамның жаны Ұқсайды мөлдір тұмаға, Қиыршық түссе, Лайланып батар күнәға. Жылама, жаным, Ешкімге және мұң шақпа, Қайшылық толы Тағдырды әркім ұға ма?! Күнәсіз пенде Болмайды мына ғаламда, Ары қарай оқу …

Ақ көгершін

Ақмаралға   Тынық мұхиттың жағасынан, Таудай толқынның арасынан, Талып жетеді бір әуен Кешегі Кеңащының баласынан: Ақ көгершін, көгершін, Қалай, қалай ұшасың? Міне былай, міне былай, Қанат қағып ұшамын! Ұшамын дейтін… Білген бе алыс кетерін? Қалдырып қимас Киелі ата мекенін. Сезген бе сонда Сәбидің таза жүрегі, Көгершін болып, Көк мұхит асып Ары қарай оқу …

Сырма

Шетінде ескі ауылдың бала күнім, Жайлаймын жер мен көктің аралығын. Ойнаймын құрбыл армен қиқуласып, Қорғанды қардан үйген жарады үнім. Далада кеше ғана тырна қонған, Сырғиды қарды сипап, сырма боран, Барады өткен іздің бәрін көміп, Қарайды оған бей-жай мына жалған. Ақ селеуден сырласын табатындай, Ақ қайыңға оралып қонатындай, Сумаңдайды құмдағы ақ Ары қарай оқу …

Бұлақбасы — ауылым

Бұлақ басы! Мөлдір бастау бұлағым. Сәби кезден Сездім күннің шуағын. Жалаңаяқ Қозы-лақпен жарысып, Көк кілемдей Көгалына құладым. Осы ауылда Тұңғыш рет қуанып, Осы ауылда Тұңғыш рет жыладым! Гүлін теріп, Қыр басында көктемнің, Өшкеніне Қарамастан өкпемнің, Шегіртке мен Шыр-шыр етіп ыршыған Көбелекті Қоймай қуып жеткенмін. Дала кезіп, Орман шарлап тынымсыз, Жидек Ары қарай оқу …

КӨККЕ АТЫЛҒАН КӨКБӨРІ

  Қайтпай келген Ештемеден беттері, Диірменді Үйіргендей лептері, Вертолетпен аңға шықты бір күні Бір топ дөкей Дию құсап көктегі. Ен далада Еркін жүрген еркелеп, Түз тағысын қуалады Желкелеп, Тар­тар етіп Заманасын тарылтты Төбесінен Төніп алып вертолет. «Мықты болсаң, Көздемей­ақ нақтап ат!» Дейді, Кезек сақылдатып автомат, Жұтады кеп арасында вискиден Мергенсің Ары қарай оқу …

ҚЫР АСТЫНДАҒЫ ҚҰЛЫН

  Ойпаң жердің Сыздау шөбін Жалаңаяқ далада Басып келем Елестегі Ұқсап ерке балаға, Шегірткелер шыр­шыр етіп, Ала қанат көбелек Көлбеңдейді… Жарты ғасыр Өтпегендей арада! Көбелектер… Көмкерілген, Қандай ғажап көрікті ең, Шегірткенің шырылымен Көбелектің Билегенін көріп пе ең? Көлп­көлп етіп, Ала қашып Алабұртқан көңілді Алуан түрлі сәнмен алдап, Төңкеріліп желіккен, Қанатымен Ары қарай оқу …

ОРАЗАДА ҚАЙТҚАН ӘЖЕ

  Бұл өмірдің көрген бейнет, қызығын, Аппақ әже, күткен тағдыр сызығын, Ниет қылып, аузын елде бекітіп, Келді үйіне қаладағы қызының. Осал жас па, ойлап көрсең, сексен бес, Қайта оралмас көкжиекке жеткен көш, Жайлы пәтер төріне мол жайғасты, Кәрі сүйек көр жуық деп сескенбес. Ауыз ашса батқан күнмен таласып, Қас қағымда Ары қарай оқу …

ҚАРИЯ МЕН ҚАРЛЫ ШЫҢ

  Килиманджаро! Күйіп тұрған континентте қарлы шың, Қалай біткен тропикаға таңбысың? Қарлы шыңнан қара маржан қарғи ма, Сайлап бамбук, баобабтан шаңғысын? Көк тіреген көкшіл мұзы бастағы, Жүректіні сұсыменен жасқады… Сеңгір таудың сеңсең бөркін кием деп Келді альпинист сексен екі жастағы. Бостан­босқа сабаз неге сабылсын, Деді ме екен атым елге танылсын? Ары қарай оқу …