Ақан Сері

.. Тағы да үздік шыққан одан бері, Зарланған «сырлы мінез» Ақан сері, Зарлы әнмен, көркем күймен, сырлы өлеңмен, Шарықтап өрлер көкке шыққан шері. Әніне исініп жұрт таң болатын, «Түскен деп әнін тыңдап көктен пері». Жадқа алып қыз, бозбала құмарланып, Жайылған Сарыарқаға «Құлагері» Құбылған әні көркем гауһар түрлі, Күйлеген нәзік сезім Ары қарай оқу …

Шоғырмаққа

Шоғырмақ, талай жерді бүлдіргенің, Дос жылатып, дұшпанды күлдіргенің. Түлкідей шыңнан қашқан бұлаңдаушы ең, Төскейде ақиыққа ілдіргенің. Шоғырмақ бұл уақытта шықтың қайдан, Келді ғой тосу деген бір Құдайдан. Қиянат-зұлымдықты ойлаушы едің, Енді мен астым ғой деп Атығайдан. Қолында Әубәкірдің талдан таяқ, Шоғырмақ, соғысып ең аянбай-ақ. Тоғыз жыл болосной боламын деп, Семіріп Ары қарай оқу …

Ақшабақ

Қызы бар Әлібектің Ақшабақтай, Жүруші ем заманымда қызды жақтай. Бас жігіт Әлібектің Есемберген, Қасымда о да келеді қызды мақтай. Ақшабақ қыз шолпаны, Ақшабақтың, Әкесінен қорқып жүр ешкім батпай. Есіткен соң бір жүмбақ жаздым арнап, Қалар деп оған арнай жауап таппай. Бір жар бар іші жәуһәр жұртқа машық, Сол затқа жүрген Ары қарай оқу …

Бименде болысқа айтқаны

Әуелі сөз бастайын бір Құдайдан, Құдай егіз жаратқан – Арғын, Найман. Басқа жүзден Орта жүз дара шығып, Дүниеге өсіп-өніп қанат жайған. Екінші сөз сөйлейін – Абылайдан, Хандықпен аты шыққан әрбір жайдан. Ұранға атын қосқан Абылайдың, Сөйлейін Төлекұлы Сандыбайдан. Сандыбай шыққан еді асыл тектен, Қарадан хан боп өткен ақсүйектен. Қара қалмақ Ары қарай оқу …

Өсиет өлең

Уа, шіркін, кедейліктен кісі өлмейді, Өлмегені қүрысын ісі өнбейді. Аузың бұлбұл, аяғың дүлдүл болсын, Ер жігіттің аяғын кісендейді. Ер жігіт мақтанады асы болса, Биік тау шаттанады тасы болса. Сол жігіттің басына бақыт қонбас, Ағайыннан алданған қасы болса. Жігітке кедейшілік намыс емес, Жоқ болсаң, туысың да таныс емес. Суық су, арық Ары қарай оқу …

Нақыл сөз

Жақсы мен жаман адам тең болмайды, Несібең Тәңрім берген кем болмайды. Ағалар, құлақ салып тындасаңыз, Ініңіз бір-екі ауыз сөз қозғайды. Ал десең мен бір жүйрік қамалмаған, Жігітке сөз қапыда табылмаған. Кей адам айтар сөздің жөнін білмес, Бойына мін тақтырып арындаған. Зат білер, зат қадырын деген сөз бар, Жақсыны дүрыс болмас Ары қарай оқу …

Жүсіп төреге

Жүсіп-ау, төрелік жоқ баяғыдай, Даражаң қара қазақ аяғандай. Досыңды дұшпан көріп ғайбаттайсың, Мінезің Әзәзілдің таяғындай. Жүсіп-ау, неше мысқал басыңда ми? Айдаған мал, үстіңде тігулі үй. Қиямат таразыны құрған шақта, Айса, Ермек, Торытай болады би. Мәнкүр-нәңкүр бесеулеп ұрған шақта, Майын мінген аттай қып қайтарарсың, Күңшенің арқасынан шығармай ши. Адамды сырттан ғайбат Ары қарай оқу …

Құлагер

Жел соқса қамыс басы майда деймін, Атыңды, ат айдаушы, айда деймін. Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды, Жығылмаса, Құлагер қайда деймін?! Түбінен дәйекшенің тұрдым тосып, Алушы едім бәйгеңді талай қосып. Отыз ат уәделі өтіп кетті, Сол жерде тұра алмадым денем шошып. Міндім де Саралама тұра шаптым, Бәйгі алам деп бұл Ары қарай оқу …

Жаман қатын

Болмайды сұлу қулықты жаман қатын, Білмейді оқытсаң да сөздің салтын. Ілмелеп салған жерден кекесін деп, Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын. Кетеді таң атқан соң өсек бағып, Еріне былшылдайды елді шағып. Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса, Жүреді теріс қарап сылбыр қағып. Аулақта жайғастырып айтсаңдағы, Құлағынан кетеді судай ағып. Ұрысуға болдырмайды үш Ары қарай оқу …

Жақсы мен жаман

Көкқұтан мойнын созып қаз болмайды, Шөл құмайт көк шалғынды саз болмайды. Сасықтың пиғалы ылас – қараңғылық, Тұрса да шілде туып, жаз болмайды. Жиылып қарға-құзғын шулағанмен, Артылып қалыбынан мәз болмайды. Жамандар жайда жәрдем бермек түгіл, Тар жерде басын бақса аз болмайды. Ит үрер жақсыға да, жаманға да, Сары алтын жамандаумен жез Ары қарай оқу …