ТЕМІР САБАНҒА ҚАЛАЙ ЖЕТКЕН

Бұрын ұштаған таяқпен шұқып, адам баласы егін салған. Темір құралды ұстамақ түгіл, түсінде де бұрынғылар көрген жоқ. Бұл күнде темір құрал кім болса соның қолында. Ең әуелі темір балта шыққанда адам баласына таңсық көрінген. Ұсталарды құрметтеп, тегін кісі емес деп түсінген. Әуелі кетпен соққан Дәуіт Пайғамбар деп қазақ басқа Пайғам-барлардан Ары қарай оқу …

ЗИРЕКТІКЕ

Екі жолаушы келе жатса алдынан бір адам қарсы шығып: «Бейсеует жүрген түйе көздеріңе түспеді ме?», – деп жарлайды. Жолаушының біреуі: – «Түйеңнің оң көзі соқыр ма еді?», – дейді. Жаршы: – «Ие», – деп басын изейді.Екінші жолаушы: – «Түйеңнің сол жақ артқы аяғы ақсақ па еді», – деп сұрайды. Жаршы: Ары қарай оқу …

ПАРАШЫЛҒА

Қайда жүрсең жалғыз қарын – Ар, иманың, намысың. Ақша десе арын төккен, Парашылсың қарны кең! Азап көріп жанын жеккен, Жұмысың жоқ жарлымен. Сен бір борсық қанды сорған, Ақ, қарасын талғамай. Ол бір жемтік саған болған, Жыртық тымақ жалбағай. Байға қарап, жылы ұшырап, Жақын тартып, күлмеңдеп. Ойдан, қырдан сөзді құрап, Жарамсақтап, Ары қарай оқу …

МАЙМЫЛДЫҢ ТІЛІ

Хайуандар бірімен бірі сөйлесе алатынын жұрттың көбі біледі, бірақ олардың тілін үйреніп алып сөйлесуге адамға болады деп ешкім ойлай қояр ма екен. Американың Гарнер деген бір профессоры маймылдармен сөйлесіп үйренген. Гарнер қалай хайуандармен сөйлесіп үйренді деңіз, Маймылдармен сейлесу үшін Гарнер «фонографпен» істес болған. Фонограф деген машина не дыбыс болса да, Ары қарай оқу …

КҮЗЕН

Күзен табына жататын толып жатқан аңдар бар. Олардың ішінде қазақ білетін тұқымдары: сасық күзен, сусар, кәмшет, қаншыр, борсық. Сасық күзен деп ат қойғаны: бұл таптағы аңдардың басын қорғар кезде шығаратын сасық иісі болады. Ол иіс өзінен күшті андарға істейтін қаруы. Жетіп ұстайын деген кезде иісін шығарса, жаман иісінен жеркеніп, жоламас Ары қарай оқу …

СУШЫЛ ҚҰСТАР

Сушыл құстар өмірінің көбін суда өткізеді. Біреулері суда құр жүзеді, сүңгімейді, біреулері жүзеді де, сүңгиді де. Соңғылары сүңгуір деп аталады. Сушыл құстардың денелері суда жүзуге қайым біткен. Бауырлары байлаған сал сияқты жалпақ, жүні тығыз, түбітті, қалқуға қайым, саусақтары ескектей есуге қайым, аяқтары денесінің кейінгі жағына біткен (қайық ескендердің қайықтың арт Ары қарай оқу …

САУЫҚ ҚҰСТАР

Әуестік құстарын пайдасы үшін емес, әуестікке ғана ұстайды. Бұл құстардың адам әуес көретіні я сұлулығы, я дауысының әдемілігі яки қызықтығы. Жүні сұлу болғаннан адам әуестікке ұстайтын құстар – тотылар. Дауысы әдемі болғаннан адам ұстай-тын құстар бұлбұл, сандуғаш. Әуестік құстарын да адам ұстауы көп заманнан берлі. Өте ескі замандарда тотыны ұстағандары Ары қарай оқу …

АҢШЫ ҚҰСТАР

Аңшылық құстары деп аң аулауға ұстайтын құстар айтылады. Мәселен: бүркіт, қаршыға, сұңқар, лашын, тұйғын, тұрымтай, қырғи, ителгі. Бұл құстарды аңшылар аңға салу үшін әуелі баулиды, қолға үйір етеді. Құс баулу өз алдына бір өнер: кім болса сол үйрете алмайды. Құс үйретіп, әбден әдісін білген адамдар ғана құсты баули алады. Құс Ары қарай оқу …

БАҚА-ШАЯН

Бақа-шаян деп үстінде түгі де жоқ, қанаты да жоқ, құр терісі бар мақлұқтарды айтамыз. Бұл мақлұқтар көзге кескінсіз, көңілге сүйкімсіз, түсі суық келеді. Бақа-шаян деп аталатын мақлұқтар: көлбақа, тасбақа, тостаған бақа, кесіртке, жылан. Бұлар адамға залалсыз мақлұқтар. Олар қайта маса, шыбын, көбелек сияқты адамға, малға, егін-пішенге зияны бар мақлұқтарды алып Ары қарай оқу …

ҚҰРТ-ҚҰМЫРСҚА

Құрт-құмырсқа деп өңшең ұсақ мақлұқтар айтылады. Құрт-құмырсқаға қосылатындар: бүйі, шаян, өрмекші, қоңыз, құрт, ше-гіртке, көбелек, инелік, шыбын-шіркей, құмырсқа сықылдылар. Бұлар толып жатқан түрлі мақлұқтар. Біреулері ұшпай, құр жерде ғана жорғалап жүреді. Біреулері ұшады. Біреулерінің ұшпаған кезде қанатын жауып қоятын қалқаны бар. Біреулерінің қанаты ашық тұрады, бірақ бәрінің ортақ бір белгісі Ары қарай оқу …