ЖАПЫРАҒЫ ЖАНЫМНЫҢ

  Бөлек боп тағдыр таңбасы да ені,Жыраққа сүйреп жол қашып еді.Жолымыз біздің ажырағандаЖапырағы жанның жап-жасыл еді…Ғасырлар салып ізіңнен жеттім,Күз уілдеп тұр…Жүзіңнен де өптім.Кірпігіңнен көріп тізілген көп мұң,Мөлтілдеп барып… үзілген жоқпын.Сезімнің сөлі сарқылмаған-ау,Жанарда жатты жарқылдап алау.Ғасырлап жұтқан сағыныш жасынҚандай қиын ед алқымға қамау?!Жиналдық зорға – сөгіліп барып,Көңіл көбесі көмігіп тамып.Сонша сүр-сартап Ары қарай оқу …

ЕР ДОСПАМБЕТ АҒАҒА

  Айнала бұлақ, басы тең, Азаулының Ыстамболдан несі кем?! Доспамбет   Айнала қырат, төсі кен, Маңғыстаудың Ыстамболдан несі кем?! Ер Доспамбет ағадан Кем бе еді менім-дағы несібем?! Әлі асқанның азуында кетті Азаулы, Жаратқанның жазуында кетті Ажалды, Жарақты елдің қазуында кетті Хазарлы. Еніп алып Есіме, кіріп алып Түсіме, ей, Ер Доспамбет Ары қарай оқу …

ЖАРЛАУ

  Жарқ етіп көшті жаз дәурен, Жаңғырды талай жыр көшем. Жанумен, жана жаздаумен Жетіппіз жырақ жылға есен. Жылаулы жылдар қалды артта, Жалаулы шақтың бәрі есте. Жайласам жазғы Жәннатта, Жасаған жазды емес пе! Жуалы жонас, сайыңнан Жай ұрған талай жоғалды із. Жұлынға жұғы жайылған Жұпарлы жалбыз, көк андыз. Жанымды жүрген жадылап Ары қарай оқу …

ДӘУРЕН КӨШКЕН

  Кез қайда жаз жәнатын қусырмаған? Көзімнен жібек құмдай сусыр ғалам. Барады тас төбемнен Дәурен көшіп, Қанаты құлағымда сусылдаған. Кез қайда қусырмаған жаз жәнатын? Қалқамның әр қылығы наз болатын. Сыңсыған, Айлы Дәурен, көштің қайда Басымда қонақтаған аз ғана түн? Қош, қалқам әнді жалған, өлең жалған, Кеудемде әрең жанған сөнерде арман Ары қарай оқу …

ӨЛЕҢІМ

  Өлең, сенен өлсем қашып құтылман, Жабысқан бір дерт болдың ғой тұқымнан. Жүрегімнің тереңінде бір жел бар, Жеткен маған зыңыранып зытымнан… Қабағымда жатты талай торып түн, Сонда маған Құбыла болып жолықтың. Өлең! Сені тірі сақтап қалам деп, Талай жерде қорықпастан қорықтым… Көкірегіме сәуле малып таңғы ыра, Оятқасын басқа амалым қалды Ары қарай оқу …

КӨКІРЕГІМ – КӨНЕ КІТАП

Көкірегім –көне кітап. Сұр тысты.Қырық қазына, мың мағына –қыртысты.Қиялым бар жетпіс түрге құбылған,Көздеріңмен қарамашы бір түсті.Оқымай-ақ отқа салма мені сен,Керегіңе жарата алсаң –келісем.Залым-сұмнан сағың сынған налаң менАуырсынған жараң болса,–бөлісем.Сыңар көзбен қарай берме сен өйтіп,Бөлісе алам шаттығыңды – көбейтіп.Бөлісе алам қайғы-мұңды –азайтып,Айлы түнгі айдыныңды кеңейтіп.Бұл кітапта саңқылдаған қыран бар,Алып өткен Антымды Ары қарай оқу …