Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!

Сап, сап, көңілім, сап, көңілім! Саяламай, сай таппай, Не күн туды басыңа Күні-түні жай таппай? Сен жайыңа жүргенмен, Қыз өле ме бай таппай? Түн кезгенің мақұл ма, Жан-жағыңа жалтақтай? Өлермін деп жүрмісің, Мұнан басқа жан таппай? Сап, сап, көңілім, сап, көңілім! Сабыр түбі – сары алтын. Сабыр қылсын, жайыңды Білер Ары қарай оқу …

Есіңде бар ма, жас күнің

Есіңде бар ма жас күнің Есіңде бар ма жас күнің, Көкірегің толық, басың бос, Қайғысыз, ойсыз, мас күнің — Кімді көрсең, бәрі дос. Махаббат, қызық, мал мен бақ Көрінуші еді досқа ортақ. Үміт жақын, көңіл ақ, Болар ма сондай қызық шақ? Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар? Ақырын, Ары қарай оқу …

Интернатта оқып жүр

Интернатта оқып жүр Интернатта оқып жүр Талай қазақ баласы – Жаңа өспірім, көкөрім, Бейне қолдың саласы. Балам закон білді деп, Қуанар ата-анасы, Ойында жоқ олардың Шариғатқа шаласы. Орыс тілі, жазуы – Білсем деген таласы. Прошение жазуға Тырысар, келсе шамасы. Ынсапсызға не керек Істің ақ пен қарасы? Нан таппаймыз демейді, Бүлінсе Ары қарай оқу …

Ұяламын дегенің көңіл үшін

Ұяламын дегенің көңіл үшін Ұяламын дегені көңіл үшін, Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін. Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ, Жігері жоқ, маңызы жеңіл үшін. Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар, Жаңа сүйгіш адамзат, көрсе қызар. Ар мен ұят ойланбай, тән асырап, Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар. Туысқаның, Ары қарай оқу …

Қызарып, сұрланып

Қызарып, сұрланып, Лүпілдеп жүрегі. Өзгеден ұрланып, Өзді-өзі керегі. Екі асық құмарлы, Бір жолдан қайта алмай. Жолықса ол зарлы, Сөз жөндеп айта алмай. Аяңдап ақырын, Жүрекпен алысып, Сыбдырын, тықырын, Көңілмен танысып. Дем алыс ысынып, Саусағы суынып. Белгісіз қысылып, Пішіні құбылып. Иығы тиісіп, Тұмандап көздері. Үндемей сүйісіп, Мас болып өздері. Жанында жапырақ, Ары қарай оқу …

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек

Қартайдық, қайғы ойладық, ұй сегек, Ашуың – ашыған у, ойың – кермек. Мұңдасарға кісі сөзді ұғарлық, Кім көңілді көтеріп, болады ермек? Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек. Ер ісі – ақылға ермек, бойды Ары қарай оқу …