АТТЫҢ СЫНЫ

  Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңірейген болса сағақ. Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, Қабырғалы, жоталы болса күшті. Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы, Тояттаған бүркіттей салық төсті. Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ, Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ. Жер Ары қарай оқу …

Бақа мен өгіз (И. А. Крыловтан)

  Қарасаң, тым-ақ көп Көре алмас іші тар.Несі артық, бізден деп,Салыспақ жұрт та бар.Су ішкелі бір өгізБарып еді бұлаққа.Бақалар қорқып, тарбақтапҚашып шықты әр жаққа.Бақаға өгіз таумен тең,Ұшып кетті зәресі.Мақтаншақтың, сен көрсең,Бақада екен төресі.Өз-өзінен бір бақаКүшенді де, бөртінді.Қарны үлкейді қампайып,Өгіздей болам деп ісінді.Қасындағы жолдасқа«Қарашы,- деді,- сен бізге!Қиын ба екен үлкею,Жеткем жоқ Ары қарай оқу …

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлікЕр табылса жарайды, қылса сұхбат.Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,Абайлар әрбір сөзді өз халынша.Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе.Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар,Оңғақ пұлдай былғайды, бір дым тисе.Керек Ары қарай оқу …

Антпенен тарқайды

  Антпенен тарқайды, Жиылса кеңеске.Ор қазып байқайдыТуа жау емеске.Анттасып алқайды1Сен тентек демеске.Кім анттан шалқайдыАмал жоқ жемеске.Аз адам шаршайды,Ебіне көнбеске.Бас ыңғай қайқайды,Амал жоқ өлмеске.Ел састы, аңқайды,Би тартты егеске.Жұрттағы мал жайдыОй қылар бермеске.Өсімге қол жайды,Тай алып серкешке.Алмаса ол тайды,Дап-дайын көрмеске.Кедей би жантайдыСауыр мен өркешке.Саумаққа ол байды,Кеңесер би кешке.Қайғы қып болмайды,Өкпелеп білмеске.Сүйтсе де Ары қарай оқу …

Туғызған ата ана жоқ

Туғызған ата ана жоқ,Туғызарлық бала жоқ.Туысқан туған, құрбыласҚызығымен және жоқ.Тулайын десе шара жоқ,Толықсып жүрер шама жоқ.Ұйқы мен астан дәм кетіп,Сақалда, шашта қара жоқ.Байбайшыл тартып, баға жоқ.Жастарға жаппас жала жоқ.Жат қораны күзеткенҚартаң шалда сана жоқАбай Құнанбайұлы

Мен боламын демеңдер

Мен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға.Екі көзің аларып,Құр қарайсың аспанға.Бір ғылымнан басқаның,Бәрі де кесел асқанға.Өйткен адам жолығарКешікпей-ақ тосқанға. Абай Құнанбайұлы

Көк тұман — алдыңдағы келер заман

  Көк тұман — алдыңдағы келер заман, Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған.Ол күндер — өткен күнмен бәрі бір бәс,Келер, кетер, артына із қалдырмас.Соның бірі — арнаулы таусыншақ күн,Арғысын бір-ақ алла біледі рас.Ақыл мен жан — мен өзім, Ары қарай оқу …