Эссе сөзінің анықтамалары

Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген. Эссе сөзінің басқа да анықтамалары:             Эссе – шағын көлемді проза түріндегі еркін композиция. Эссе жаңа бір құбылыс, зат туралы әдемі боялған сөзбен философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми, беллетристикалық тұрғыда жазылады. Ары қарай оқу …

Сәрсенбі сөзінің шығу тегі

Қазақ тілінде шар түбірінен  басталатын сөздер көп. Мәселен, шаһар, шарайна, шарбақ, шаруа, шаршы, сәрсенбі және т.б. Көріп тұрғанымыздай, барлық сөздер бір түбірге саяды. Тіпті сәрсенбі сөзі де «шар» деген түбірден шыққан (Шар – шәр – сәр деп фонетикалық һәм орфографиялық заңдылықтар негізінен өзгеріске түсіп, жаңа түбірге ие болған). Олай болса, Ары қарай оқу …

Құлқын

Құлқын. Түсіндірме сөздіктегі мағынасы — қара бастың қамы, пайдасы. «Өз құлқыны. үшін қандай болса да сатып кете беретін жігіт» (Б. Майлин, Шығ.). Сырт қарағанда, қазіргі түсінігіміз— туынды, ауыспалы мағына нәтижесі. Дәл осы тұлғалас араб сөзі «құлқум» -ның мағынасы — жұтқыншақ, адамның тамағы мағынасында қолданылады. Осыған қарағанда, кейбір авторлардың сөз төркіні Ары қарай оқу …

Жазатайым

Жазатайым   Сөз — түркі тілдеріне ежелден тән, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған деп шамалаймыз. Оның қазіргі қазақ тіліндегі «кездейсоқ, қапылыста, қатеден» сияқты мағыналары кейін пайда болғандығына басқа түркі тілдері деректері куә. Біріккен сөздің алғашқы сыңарының түбірі «йас»екенін және «қасынан өту, жанынан өту»мағыналарында қолданылғанын В. Радловсөздігінен кереміз. Онда алтай, телеуіт Ары қарай оқу …

Жорға

Қазіргі түсіндірме сөздікте қос сөз мағынасы — тамылжып жадыраған, жайдары деп түсіндірілген. Әрине, әркімге оның мағынасын осылай түсінгенмен, құрамындағы жеке сөздердің алғашқы мағынасы мен түпкі теркінін біле беру қиын. Түркі және Моңғол тілдері деректеріне үңілсек, бұл екі сөздің де мағынасы біріне-бірі жақын екендігін тағы көреміз. Якут тілінде: дьайғар — ашылу Ары қарай оқу …

Аптығу, асығып-аптығу

Аптығу, асығып-аптығу Қос сөздің алғашқы сыңары — «асығудың»мағынасы әркімге аян және түсіндірме сөздікте дәл берілген. Сондай-ақ екінші сыңарының да мағынасы, түсіндірме сөздікте, «асып-сасу, алқыңу,демігу» дегенге нұсқайды. Біздің байқауымызша, «аптығу» сөзі жүйесі басқа тілдердің бірінен, дәлірек айтсақ, парсы тіліненауысқан сияқты. Бұл тілде: абатил (кітаби сөз)—әбігер, босқа әурелену мағынасын ұғындырады. Бір қызығы, Ары қарай оқу …

Жым-жырт

Кейде «тып-тыныш» сөзінің синонимі ретінде осылай да қолдана береміз. «Жұрт құлаққа ұрған танадай жым-жырт болды» (Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, Тула толқын.). Қос сөздің алғашқы сыңары «жым» туралы «жым-жылас» мағынасын» талдағанда баяндағанбыз. Ендігі мәселе екінші сыңары —«жырт»-тың тарихы жөнінде. Мұның өзі кейбір қос сөздердегідей мағынасыз дүние емес екендігі басқа бір түркі тіліне Ары қарай оқу …

Шам, айып-шам.

Шам, айып-шам. Өрескел, ерсі, сөлекет деп ұғындырады түсіндірме сөздікте. «Тілеп алған немересін қызықтап бауырына салғанның не айып-шамы бар екен (С. Омаров, Тастағы жазу.). Қос сөздің алғашқы сыңарына бөгелмейміз. Оның төркіні араб тілі екені көптен мәлім. Ал екінші сыңары түркі тілдеріне ертеден ортақ екендігін ежелгі дәуірдегі ескерткіш тілінен білеміз. Бірақ «шам» Ары қарай оқу …

Ептеп-септеу

Ептеп-септеу   Қазіргі кездегі мағынасы — оғып-бұғып, өйтіп-бүйтіп, амалдап, аз-аздап. «Бір жыл ептепсептеп шыдап көрейін» деген оймен жүрген еді. Қос сөздің алғашқы сыңары «ептеп» (ептеу) тілімізде өз алдына, жеке тұрып та қолданыла береді. Мағынасы да баршаға мәлім (байқау, абайлау дегендерді білдіреді). Алайда оның алғашқы мағынасы басқаша болғандығын басқа түркі тілдерінің Ары қарай оқу …

Ербеңдеу

Сөз мағынасы— ербең қағу, ербең-ербең ету, шошаңдау. «Дәуғара жалаң бас, екі қолы ербеңдеп, бұларға қарай жүгіріп келеді екен» (О. Сәрсенбаев, Жалғыз күрке). Түсіндірме сөздігімізде кездесетін «ербию»сөзінің де мағынасы «ербеңдеу» тұлғасымен сәйкес келеді. Сөз төркінін іздестіргенде еске алатын нәрсе — түсіндірме сөздіктерде берілген анықтамалар ішіндегі «шошаңдау», «селтеңдеу»сөздерінің мағынасы. Осы мағыналарды кеңірек Ары қарай оқу …