ТҮЛКІ МЕН ҚЫРҒАУЫЛ

Бір күні түлкі қалың ағашты аралап келіп жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп: – Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.  Қырғауыл: – Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді. Түлкі: – Жерге түсіп сөйлесеңіз қайтеді, бір құлағым Ары қарай оқу …

АҚ ТИІН МЕН ҚАСҚЫР

Бір күні ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді.  Ақ тиін жалынып: – Мені жеме, жібер? – дейді. – Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат Ары қарай оқу …

Патша мен диқан

 Еретеде бір кісі жас баласынан: – Патша үлкен бе, диқан үлкен бе? – деп сұрапты. Бала кідірместен: – Әрине, диқан үлкен, – дейді. – Қалайша?! – дейді әкесі. Сонда әлгі бала: – Диқан астық бермесе, патша аштан өлмей ме? – Ары қарай оқу …

Ай мен күн

Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен.  Бірінен-бірі асқан сұлумын деп, бірімен-бірі үнемі ұрысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: – Сенен мен сұлумын! –дейді. Ары қарай оқу …

АЛМА ПІС, АУЗЫМА ТҮС

Баяғы заманда екі жалқау болыпты, жалқаулықтары сонша, тіпті, еріндерін қимылдатуға да ерінеді екен. Күндердің бір күні, екеуі алма ағашы түбінде жатқанда, бірінің көзі көк алмаға түседі.  – Алма піс, аузыма түс! – дейді. Екіншісі оған: –  Ерінбей-жалықпай соны қалай айттың? Ары қарай оқу …

Қасқыр неге ұлиды?

Ертеде бір Халық деген бір кедей өмір сүріпті. Мал дегенде он шақты ешкісі, жалғыз аты және алтын қауырсынды қоразы болыпты.  Ол кезде қораз айғай салып, ешкі бақырмайды екен. Күндердің бір күнінде ақсиған тісі бар, адам қорқар түсі бар бір аң Ары қарай оқу …

ҚАҒАНАҚ БАС, ҚЫЛ КЕҢІРДЕК, ШИ БОРБАЙ ЕРТЕГІ

Баяғы өткен заманда Қағанақ бас, Қыл кеңірдек, Ши борбай үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап, айдалаға апарып сатыпты. Тоқтыны бұтарлап, етін қазанға салайын деп жатып, Қағанақ басқа: – Жынын төгіп кел, – деп қарынды беріпті. Қағанақ бас Ары қарай оқу …

Алтын сақа ертегісі

Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Ары қарай оқу …

ШОКО ӘЛЕМ КІТАБЫНЫҢ 2 БӨЛІМІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Қазақ тілінде «Шоко әлем. Тылсым Элипсаһар» деген атпен фэнтези кітап жарық көрді. Аталмыш кітаптың авторы-Рүстем Сауытбай. Рүстем Сауытбай-қазақ тілінде фэнтези жанрында көркем шығарма жазатын жас авторлардың бірі. Еңбек жолын математика пәнінің мұғалімі болып бастаған Рүстем Сауытбай-бүгінде бірқатар фэнтези жанрындағы туындылардың Ары қарай оқу …

Жеңіске жету жайлы нақыл сөздер

 Егер, сен шын талант иесі болсаң, саған ғажайыптың өзі көмектеседі.    Өмір-театр сахнасы болса, онда сіз оның әртісісіз. Кімнің ең сүйікті әртіс болып, халық жадында қалатынын театр емес, мына, сіз шешесіз. Неге? Өйткені, театрда ойнайтын сіз, өмір емес. Менің бір Ары қарай оқу …