ҚАРАБЕК БАТЫР ЖЫРЫ

Бұл жырдың екі нұсқасы бар. Бірінші нұсқасы «Қарабек» деп аталады. Оны 1940 жылы, Қызылорда облысы, Арал ауданынан ССР Ғылым академиясының қазақ филалы ұйымдастырған экспедиция жинаған. Экспедиция мүшесі Асайын Хангелдин. Жырды экпедицияға тапсырған сол елдің тұрғыны Бітімбаев Жаңаберген  (1886-1953), ол Арал Ары қарай оқу …

Ана тілі туралы өлеңдер

  СҮЙЕМ ӨЗ ТІЛІМДІСүйсем өз тілімді,Боламын білімді:Өз тілім үйретер,Өнерді, ғылымды.Сүйем өз тілімді.                                     Әдібай Табылды АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА-Ана тілі тым оңай!Деп Күлдірген тыңдамайТерезеге қарады,Теректерді санады.Оны көріп мұғалім,Қойды кенет сұрағын:-Айтшы, тұрып сен ендіАнықтауыш дегенді.-Анықтауыш … Әрине …Анықтайды бәрін де …Күбір сөзі ұзарып,Күлдірген Ары қарай оқу …

Шұлғытып ұлығын да, ұлысын да

Шұлғытып ұлығын да, ұлысын да, Баурады Батысын да, Шығысын да. Оның да жүрегiнiң лүпiлi бар, Әлемнiң әрбiр алған тынысында! Асылдың жарқылдамас бар ма күнi, Әуелден түскен оған Алла нұры. Сондықтан Нұр-Сұлтан деп атын қойған, Ата-ана болжағандай алдағыны. Тiл көзден аман Ары қарай оқу …

Ту болып тiгiлгендей елдiгiңе

Ту болып тiгiлгендей елдiгiңе, Жасына пайғамбардың келдi, мiне! Халқының баласы едi бұған дейiн, Жарасқан бес қаруы белдiгiне. Әрқашан орны бөлек, даңқы дара, Ол–ендi қамқор әке, халқы-бала. Әкесi өз парызын өтемесе, Сәбидей шырылдамай ел тұра ма? Яссауи Қожа-Ахмет бұл жасында, Күн Ары қарай оқу …

Кiм келiп, кiм кетпеген даламызға

Кiм келiп, кiм кетпеген даламызға, Жырлайды құлақ түрсең әр аңызға. Арбасқан, аласұрған бiр тiршiлiк, Алмасқан бабамыздан баламызға. Жаhаннан жоғалмаса адам аты, Естiлер арттағыға ғаламаты. Қаhары қара жердi қалтыратқан, Қайда сол Көктүрiктер қағанаты? Шайқасып үдей соққан дауылменен, Құлаған Дештi-Қыпшақ дәуiрлеген. Ұлдарын Ары қарай оқу …

Батырдай тынбай жортқан жорықтарда

Батырдай тынбай жортқан жорықтарда, Тұлпарын ауыстырған талыққанда- Ғасырлар өткелiнде бiзден басқа, Көшiрген астанасын халық бар ма?! Бәйгеге кеш қосылып армандамыз, Күтемiз аламанды алдан нағыз. Күнi ертең ерке Есiлдiң жағасына, Париж кеп орнай қалса таң қалмаңыз! Мiнеки, мойындатты кемелдiгiн, Пайымдап әулиедей Ары қарай оқу …

Тiршiлiк түзегенде көркiн жаңа

Тiршiлiк түзегенде көркiн жаңа, Сұрапыл соқпаса екен толқын жара. Армысың, Азаттықтың астанасы- Талпынған арманына еркiн қала! Жаhанның жанарында жаңа қала, Жұлдыздай туа қалған өлiарада. Бес жылда бой көтерген ғимараттар, Жайнап тұр шомылғандай самалаға! Жырламас ғажайыпты кiм мұндағы, Жеткенше сөздiң дәмi,тiлдiң Ары қарай оқу …

Арда едiң, асау едiң Арқа неткен

Арда едiң, асау едiң Арқа неткен, Төсiңде небiр бағлан дархан өткен. Ақмола осы едi ғой Кенесары, Бөрiнiң бекiнiсiн талқан еткен! Айналдым аруағыңнан, ер Кенекем, Тәңiрi тiлегiңдi берген екен. Тентiреп жердiң түбiн жетi айналып, Қазақтың құты қайтып келген екен! Жетерлiк көрiп Ары қарай оқу …

Көсемге көштiң түсер салмағы бар

Көсемге көштiң түсер салмағы бар, Көк толқын кеме жүзсе қақ жарылар. Көреген, қол бастаған дара батыр, Көкжалдай мұз төсенiп, қар жамылар. Отырсақ өзге жұрттан аса қарап, Қонғаны бақпен дәулет қоса қабат. Ерлiгi Елбасының жарқырап тұр, Бұлт қалай күннiң көзiн тасаламақ?! Ары қарай оқу …

Аршында, шығар қазақ, үнiңдi асқақ

Аршында, шығар қазақ, үнiңдi асқақ, Кiм сенi тоқтатады бүгiн жасқап?! Астана Ақмолаға келе жатыр, Айбынды Нұрсұлтандай ұлың бастап! Желбiреп көштiң алды жалаулайды, Арқаға аққан судай ел аунайды. Тапсыр да тағдырыңды ер соңынан, Ер туып екi қайта жаралмайды. Арқаның асау желi Ары қарай оқу …