Бақылау

  Бақылау —  кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді

Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі

Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі   Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу Ары қарай оқу …

Үй жұмысы

Үй жұмысы — сыныптағы өткен сабақтың үйдегі жалғасы, оқушылардың өз бетінше орындайтын оқыту формасы. Оқушылардың үй жұмысы сыныптағы оқу жұмысымен жалғасып, толықтырылып отыруы керек, бұл оқушылардың білімдерінің терең және берік болуын қамтамасыз етеді. Үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушының дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен жүйелі білім алуға дағдыланады. Сабақта алған білімдерін Ары қарай оқу …

Пәндік үйірме

Пәндік үйірме — мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшелігі бар, оқушылардың қызығушылығы мен пәндік бейімділігін дамытуға бағытталған оқытуды ұйымдастыру формасы

Факультатив

Факультатив — оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әр түрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Факультативтің атқаратын қызметі: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, дүниетанымын кеңейтеді. Белгілі пәнеге қатысты танымдық қызығушылығын арттырады

Экскурсия

Экскурсия — оушылардың сабақта алған  теориялық білімдерін практикамен жалғастыру, бекіту мақстында жүргізіледі. Бұл әсіресе, физика, химия, биология, тарих, еңбек сабақтарында қолданылады. Экскурсия саьбақтары мектептің оқу алаңында, ауыл шаруашылығында, өндірісте, мұрадайда, көрмелерде ұйымдастырылады. Тиімді ұйымдастырылған эксурсия нақтылы фактілерді, құбылысытарды жақсы оқып, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.

Семинар

Семинар — оқыған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатымен жүргізілетін  оқыту формасы

Педагогикалық технологиялар

Педагогикалық технологиялар — теориялық білімдерді тұтас педагогикалық үрдістің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол үрдіс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені.