Мақта таяқшаларының алғашқы үлгілері

Құлақ гигиенасы өткен ғасырдың орта ширегінде де өзекті мәселе болған. Есту қабілетін арттыру үшін жұртшылық құлақтың тазалығына ертеден-ақ көңіл бөлген. Тіпті, бағзы замандарда құлақ күтімімен айналысатын арнайы мамандар патша сарайларында жұмыс істеген деген ақпарат бар. Бірақ неге олар патша сарайына ғана қызмет еткен? Бұның себебі айтпаса да белгілі. Еңбекші халық ертеден қара кешке шейін шаруашылықпен айналысқандықтан гигиена мәселеріне аса көңіл бөлмеген. Алайда бұл халықтың мүлдем жуынбай жүргенін білдірмейді! Әрине, қара халық өзенге түсуді, көлге шомылуды жақсы білді. Біздің айтпағанымыз, құлық алатын мамандарды жалдауға тек патшалардың қаражаты жеткен. Құлақ күтімі туралы ақпаратымыз түсінікті болса, енді, алғашқы мақта таяқшаларының, яки, құлақ тазалауға арналған мақталы таяқшалардың тарихына тоқталып өтейік.

Жоғарыда атап өткеніміздей, құлақ күтімімен айналысатын арнайы мамандар болды. Ол кезде мақталы таяқшалар болмағандықтан, кәсіпкерлер мыстан, темірден балқытылған құлақ тазалағыштарды пайдаланды. Ал алғашқы мақта таяқшалары Жапония мемлекетінде пайда болған. Жапондықтар бамбук ағашынан құлақ тазалауға арналған мақталы таяқшыларын ойлап тапқан. Шамасы, құлақты тазалаудың ең қауіпсіз жолы осы болса керек.

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *