Тармақты күйлер

Тармакты күйлер:
— Тоғызтарау
— Кеңес күйі
— Акку
— Акжелең
— Қосбасар
— Аксақкұлан
— Ноғайлы сарыны
— Байжұма
— Кертолғау
Қобыз бен домбырада тартылатын тармакты күйлердің бір парасы — «Тоғыз тарау» атты күйлер тізбегі. «Тоғыз тарау» атты тармакты күйлер негізінен Қазакстанның орталык аймактарында сол өңірдің ел-жұрты кыстап кайтатын Шу бойында, Қаратау өңірінде сакталған. Тармакты куйлер дэстүрінің бұл сапасына үлес коскан күйшілерден Тәттімбетті, Токаны, Ыкыласты, Сүгірді атауға болады.
«Кенес» атгы тармакты күйлер көшпелілер даласында кағанат салтанат кұрып, билер мен бектер билік жүргізген дәуірде көбірек тартылса керек. Бүған күйдің атауы ғана емес, күйдің аңыз-әңгімесі де айғак болады. Мүндай аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша «Кеңес» күйлері көбінесе алкалы жиында, үлы жорык алдында, ел өміріндегі ірі окиғаны хабарларда тартылатын болған. «Кеңес» атгы тармакты күйлердің катарын Абыл Таракұлы, Бейсенбі Дөненбайүлы, Дәулеткерей Шығайүлы сиякты дэулескер күйшілер толыктырған.
«Акку» атты тармакты күйлер дәстүрі де байырғы заманнан бастау алады. Алғашқыда қоршаған ортаның, тау-тастың, өзен- көлдің, жан-жануарлардың иесі мен киесі бар деп түсінетін тотемдік наным-сенім кезінде акку сиякты айдын көлдің аруына күй арнау дәстүрі болған. Бертін келе аққудың сүлулығына, кылык-касиетіне сүйсінген күйшілер енді күй тілінде нактылы өмір шындығын бедерлеп тартқан. Бұл орайда Ыкыластын, Сүгірдің, Нұрғиса Тілендиевтің «Акку» күйлерін атауға болады.
«Ақжелен» өзінің қайталап тартылатын буынды үлгісімен, сұлу суреттерге толы тартымды саздарымен ерекшеленеді.
Қазакстанның батыс өңіріндегі Боғда, Дәулеткерей, Қазанғап,
12
Абыл, Ұзақ, Мүсірэлі , Есбай сияқты эйгілі күйшілер «Ақжелең» тармағын дамытқан. Олардың кай-қайсысы да өз өмірлерінің ең бір сүлу сырға толы сәтін «Ақжелең» атты әсем күймен көмкеріп отырған. Мұның бэрі жинақталып Кіші жүздің күйшілік
дэстүрінде «Алпыс екі тармақты Ақжелең» деп аталады.
«Қосбасар» деп келетін тармақты күйлердің майталман шеберлері әрі сол дәстүрді қалыптастырушылар Тэттімбет, Тока, Қыздарбек, Баубек, Әбди, Сүгір сияқты дэулескер күйшілер болған. «Қосбасар» күйлері домбыраның бел пернелерінде қос ішекті кезек сөйлету арқылы тартылады. «Қосбасарлар» тармағы өзінің саз-сарынына, бітім күрылысына орай «Зар Қосбасар»,
«Шер Қосбасар», «Мұң Қосбасар», «Наз Қосбасар», «Сал Қосбасар», «Майда Қосбасар» деп саралана аталып отырады.
«Ақсақ күлан» күйінің онға тарта тармак-нұсқасы белгілі. Халык ауызындағы аңыз-эңгіме де, көнеден жеткен жазба мұралар да бүл күйді Найманнан шыккан үлы жыршы, сэуегей абыз, Шыңғыс ханның замандасы Кетбүға шығарып еді дейді. Ең ғажабы «Ақсак күлан» күйі шығыста Шығыс Түркістанның Шыңжан өлкесінен бастап, батыста Атырауға дейінгі аралыкта көсіліп жатқан үш-төрт мың шакырымдык аймакқа кең тараған.
«Ақсак кұлан» күйлерінің тармакты болып жетуінде фольклорлық мүраның көп варианттылығынан туған. Сонымен бірге, далалықтарға кеңінен мағлүм болған Шыңғыс хан мен Жошы хан арасындағы тарихи оқиғаға эр күйші өзінше үн косқан.
«Ноғайлы сарындарын» қүрайтын тармақты күйлер қазак арасында әр түрлі атаумен белгілі. Олардың катарына «Ел айырылған», «Үлкен ноғайлы», «Кіші ноғайлы», «Қара ноғайлылардың боскан күйі», «Нар идірген» сиякты күйлерді
жатқызуға болады.
«Байжұма» аггы күйлердің мәртебесін көтеруге атсалыскандар — Қүрманғазы Сағырбайұлы, Мақаш Бекмұхамедұлы, Түркеш Қалқаүлы, Науша Бөкейханүлы сиякты әйгілі күйшілер мен домбырашылар.
«Кертолғау» атты тармақты күйлер өзінің бастау тегін көнеден тартканымен, жалғасып туындауын XX ғасырдың басына дейін тоқтатпаған. «Кертолғау» күйлерінің байырғылығына айғак болатын себептің басы — мұндай күйлер көршілес қырғыз, қарақалпақ, түрікмен елдерінің де күйшілік
13
дәстүрінде кездесетіндігі. Қазак арасында «Кертолғау» күйлерін Тока, Ыкылас, Сүгір сиякты күйшілер туындаткан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *