Кластерлер, салыстырмалы диаграммалар, пазлдар

Кластерлер, салыстырмалы диаграммалар, пазлдар
Мақсаты: студенттердің интеллектуалды дамуын ынталандыру арқылы тәуелсіз сыни ойлауды қалыптастыру.
Ұсынылатын әдебиет: Г.Шутова, Оқытудың интерактивті және белсенді әдістері: шолу, классификациялар мен мысалдар.
http://nitforyou.com/metodped/
Жүргізу алгоритмі: Сын тұрғысынан ойлаудың ерекшеліктері үш кезеңнен тұрады: шақыру, ұғыну, рефлексия.
1. Барлық топ мүшелерін процеске тарту. Мақсаты — осы тақырып бойынша бұрыннан бар білімдерді еске түсіру, ассоциативтік қатар мен сұрақтардың қойылымын қалыптастыру.
2. Ұғыну кезеңінде ақпаратпен жұмыс ұйымдастырылады: мәтінді оқу, алынған мәліметтерді ойлау және талдау.
3. Рефлексия кезеңінде алынған білім шығармашылық әрекеттің нәтижесінде өңделеді және қорытындылар жасалады.
Кластерді сабақ бойы жалпы стратегия түрінде қолдануға болады. Мәселен, сабақ басында студенттер білетін ақпараттарды жазады. Біртіндеп сызбаға жаңа деректер қосылады. Мүмкіндігінше оларды басқа түспен белгілеу қажет. Бұл әдіс негізгі ойды бөле отырып, болжау, толықтыру және талдау қабілетін дамытады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *