Қазіргі қазақ тілінде сирек қолданылатын сөздерге түсіндірме

Адырна – садаққа байлайтын, қайыстан өріп жасалған бау (Алты арқан адырна).

Азау – Азов теңізінің көне аты (Енді Азаудың қаласы).

Ақдәстәр – бас киім орнына ақ матамен (дәстәмен) басып орайтын болған, соны айтып отыр (Ақдәстәрі басында).

Ансат – жеңілдік, сәті түсу.

Алтын қабақ – той мерекелерде биік ағаштың басына теңге қойып ату ойынын айтады, жігіттердің мергендігін сынайтын өнер.

Аплатон (Платон) – грек философы.

Аса таяқ –  аңыз бойынша Мұса пайғамбардың қасиетті таяғын солай деп атаған. Кейін ол мағынасы өзгерген, жай таяқты да айта береді. Аса деген сөздің өзі таяқ деген сөз (Аса таяғы қолында).

Асан, Үсен (Хасан, Хұсейін) – аңыз бойынша, адам басына түскен қиыншылық кезінде дем беруші пірлер.

Асхаб – қалың көпшілік серіктерін айтады (Асхабқа айғай салды).

Ахмет  (Мыс., Түркістанда Ахмет) – Түркістанда XI-XII ғ. өмір сүрген, сол жерде жерленген Ахмет Яссауиді айтып отыр.

Аусаршы – есерсоқ, жеңіл ойлы адамдарды айтады (Қырық мыңдай аусаршы).

Алты жақсы – жақсы адам мағынасында.

Әлқисса –  содан кейін, сонымен.

Баба түкті шашты әзіз – діни ұғымда көзге көрінбей келіп, батырларға жәрдем беруші әулиелер.

Баз кешу – күдер үзу, тастап безіп кету (Баз кешелік  жаннан-ай).

Башап – күзетше, жендет (Башапқа әмір етті).

Бәден – денесі, шырайы, көркі (Қыз Назымның бәдені).

Бене – арықтаған жылқының терісі тесіліп, қан ағуын айтады.

Биһүш – ессіз болу, есінен (Биһүш боп сол арада талып қалды).

Биһін – жақсылық, аяушылық ету (Биһін қылса болмай ма?)

Бұхаржа – Бұхара қаласында істелген сауыттың аты (Он атқа алған бұхаржа).

Біл – ерте кезде мықты жігіттердің қолына ұстайтын қаруы, соны біл деп айтады.

Ғаусыл – ең таза су.

Ғаусыл-Ғияс – ең таза су түсіп тазалынған әулиелердің әулиесі деген мағынада.

Ғаяр, аяр – айлакер (Бір елші ғаяр кемпір әкеліпті).

Ғияс – әулиелердің бірі.

Ғұсылсыз – жуынбай, тазалынбай келу (Ғұсылсыз келген қай мұндылар).

Дәндән – піл сүйегінен жасалынған тарақ (Шашын дәндәнмен тараған).

Дәруіш (Дербіш) – дін жолын дәріптеп, ел кезіп жүретін адамды айтады. 

Дәуіт – аңыз бойынша ол ұста болып қару-жарақ соққан. (Соны соққан ер Дәуіт).

Долана – жеміс ағашы. Әдемілік үшін долана жемісінен өрген шеңберді басына киген деген мағына береді (Басына доланасын ораған).

Дулыға – құрама болаттан жасалған бас киім. Жаугершілік кезінде киеді (Құрама болат дулыға).

Дүлдүл – діни аңыздарды Мұхамбет пайғамбардың күйеу баласы, Фатиманың зайыбы Ғалидың тұлпары. Кейін ерекше жүйрік аттарды атаған (Сол күнде-ақ көп жылқының шын дүлдүлі).

Дықты – зәбірлену, ренжу (Мен түнде, қарындасым, болдым дықты-ай).

Ебей – шөптің аты.

Ескендір – Александр Макендонский, көне грек патшасы.

Жайшы – алдаушы, сиқыршы (Бір жайшының дертінен).

Жәуміт – жексұрын, қарғыс сөз (Ақ аюдай жәуміттің)

Жеңсіз берен – болаттан торлап тоқылған сауыт (Жеңсіз берен киіп алыпты).

Жығын – жиын, топ (Жығының жоқ қасында).

Жылауын – өзекше, жылға (Бір жылауын сайдың бойына).

Зайыры – анығы деген мағынада (Білдірейін зайырын).

Зарпы – қайғы, мұң (Аштықтың зарпынан).

Зияпат – рахаттану, жаны жай табу, артықша құрметке ие болу (Зияпатын асырап).

Зұлпы – шаш, айдар.

Зұлфұқар – діни аңыздарда Мұхамбет пайғамбардың батыры Ғалидың қылышын солай деп атаған. Кейін асыл болаттан соғылған қылышты осылай атап кеткен (Жанындағы зұлфұқар).

Зүррият – жұрағат, тұқым (Тілер болар зүрияті). 

Батырлар жыры

жинағынан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *