Ай мен күн

Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. 

Бірінен-бірі асқан сұлумын деп, бірімен-бірі үнемі ұрысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:

– Сенен мен сұлумын! –дейді.

Ал Айсұлу болса:

– Жоқ, сен сұлу емес, мен сұлумын! – деп таласады. 

Ақыр аяғы бұл талас үлкен шатаққа айналады.

Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. 

Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықтан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. 

Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен. 

Қазақ халық ертегілері

жинағынан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *