Жеңіске жету жайлы нақыл сөздер

  1.  Егер, сен шын талант иесі болсаң, саған ғажайыптың өзі көмектеседі.   
  2. Өмір-театр сахнасы болса, онда сіз оның әртісісіз. Кімнің ең сүйікті әртіс болып, халық жадында қалатынын театр емес, мына, сіз шешесіз. Неге? Өйткені, театрда ойнайтын сіз, өмір емес.
  3. Менің бір түсінгенім-ештеңе түсінбегенім. Өз жолынан жаңылған, барар жолы бұлыңғыр адамдардың нақыл сөзі осындай болады. Жарқын болашаққа ұмтылатын адамдар ешқашан бұл сөзді ауызға алмауы шарт. Әйтпесе, сіздің шынымен де ештеңе түсінбегеніңіз. 
  4. Білімділер ұтылмайды, қателеседі!
  5. Қателік жасау -қылмыс емес.
  6. Өмірдің көрермені емес, әртісі бол! Жер бетінде қанша адам бар, сонша тағдыр бар. Бірақ біз барлық адамдардың тағдырынан хабардар емеспіз. Неге? Өйткені, барлығы жетістік шыңына көтерілуді мақсат тұтпайды. Кейбір жандар өмірдің көрермені болғанды жақсы көреді. Көрермен болуды қалаған жандар, театр сахнасынан тез суып, тез тарайды. Өмірден шаң іспетті жоғалады. Ең, өкініштісі, оларды ешкім де жоқтамайды.
  7.  Тұлғалардан парагдигма алу-өзгенің даралығын толықтай көшіру деген сөз емес. Өзгенің тұлғалық парагдигмасын  көшіру-оның клоуны болумен тең жұмыс.
  8. Өзің ерекшемін деп санайтын адамдар әрқашан да өзгелердің көзіне ерекше болып көрінеді.
  9. Бақытты болу-дүниеқор сөзінің синонимі емес, бақытты болу-қолындағы алтынның қадірін білу деген сөз.
  10. Өзіңе сенімді адамдар өзгелерді де сендіре алады.
  11. Тұлғалық-өз болмысынды түсіне алумен өлшенеді.
  12. Есею-өзіннің ересек екенінді түсіну деген сөз.
  13. Қиял-қисынсыз ойлардың синтізі, ал арман-қисынсыз ойлардың жемісі. Мақсат-армандардың жүйеленген тізбегі. Жетістік-мақсатқа ұмтылушылықтың нәтижесі.
  14. Көреалмаушылық, іштарлық, өсекке құмарлық-санасы төмен адамдардың фактикалық-ойлау тәсілі.
  15. Кеңдік пен мейірбандық-мәдениетті адамдарға тән ұлы құндылық.
  16. Мәдениеттілік-білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы.

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *