«Генетика» пәні бойынша

«Генетика» пәні бойынша

1. Генетика пәні туралы түсінік және генетикада қолданылатын әдістер. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік туралы түсінік. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің тірі ұйымның әртүрлі: молекулалық, клеткалық, организмдік және популяциялық деңгейлерінде көрінуі. Тұқымқуалаушылықтың цитологиялық негіздері. Клетканың бөлінуі және өзін-өзі өндіруі. Митоз. Митоздық цикл және митоздың фазалары. Кариотип. Гибридологиялық әдіс.
2. Моногибридтік және полигибридтік будандастырулар. Моногибридтік будандастыруда Мендель ашқан тұқымқуалау заңдылықтары. “Гаметалар тазалығы” заңы. Талдаушы будандастырудың маңызы. Аллелизм. Көптік аллелизм. Аллельді гендердің өзара әсері: толық және толық емес доминанттылық, коодоминанттылық. Ажыраулардың статистикалық сипаты. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі: комплементарлық, эпистаз, полимерия. Гендер-модификаторлар. Гендердің плейотроптық әсері. Пенетранттылық және экспрессивтілік.
3. Жыныс хромосомалары, гомо- және гетерогаметалы жыныс. Жынысты анықтаудың хромосомалық теориясы. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқымқуалауы. Жыныспен тіркескен белгілерді зерттеу үшін реципрокты шағылыстырулардың маңызы. Жыныс хромосомалары ажырамаған кездегі тұқымқуалау. Хромосомалардың бірінші және екінші ажырамауы. Жынысты анықтаудың баланстық теориясы. Интерсекстер. Гинандроморфизм.
4. Тіркесе тұқым қуалау құбылысының ашылуы. Тіркесу топтары. Тіркесе тұқымқуалаудың цитологиялық негіздері. Кроссинговердің генетикалық дәлелдері. Хромосомалардың жекелеген және көптеген айқасулары. Интерференция және коинциденция. Гендердің хромосомаларда линиялық орналасуы. Геннің орналасу орнын табу (локализация). Геннің орналасу орнын табу (локализация) үшін цитогенетикалық талдау мәліметтерін қолдану. Мейоздық және митоздық кроссинговер. Кроссинговерге әсер етуші факторлар.
5. Мутациялық өзгергіштік. Генеративті және соматикалық мутациялар. Гендік мутациялар. Хромосомалық қайтақұрылулар. Хромосома ішілік және хромосомааралық қайтақұрылулар: делециялар, дупликациялар, дефишенсилер, инверсиялар, транслокациялар, транспозициялар. Геномдық мутациялар. Полиплоидия. Автополиплоидия. Аллополиплоидия.
6. Популяция және оның генетикалық құрылымы. Панмиктиялы0 популяция. Харди-Вайнберг заңы, оның қолдану мүмкіндігі. Адам генетикасын зерттеудің әдістері. Тұқым қуалайтын аурулар. Хромосомалық және гендік аурулар. Тұқым қуалайтын және туа пайда болған аурулардың шығу себептері. Селекция ғылым ретінде. Селекцияда қолданылатын әдістер. Селекцияда бастапқы материал туралы ілім. Тұқым, сорт, штамм туралы түсінік.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *